- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекеме директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. «Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті ғой», — деп жазды депутат. Осы орайда негізсіз айыппұл салуды тоқтату қажет екенін алға тартты. Сондай-ақ дәрігерден қажетсіз есеп талап еткен үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігіне беруді ұсынды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті заманауи медицинада дәлелді және дәстүрлі емдеу әдістері бар екенін түсіндірді. Дәстүрлі медицина — ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қолданған табиғи шөп-дәрі арқылы емдеу әдісі, бұл бағыттың нақты әсері ғалымдармен де дәлелденген. «Емдік және дәстүрлі медицина қызметтерін көрсету үшін азаматтарда «дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальды терапия, рефлексология, шөптермен емдеу және табиғи өнімдермен емдеу» кіші түріне лицензия, сондай-ақ жоғары медициналық білім және «Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, шөптермен емдеу)» мамандығы бойынша сертификат талап етіледі. Бұл ретте комитет көріпкел, бақсы, астрологтардың қызметін реттеумен айналыспайды», деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Әділет министрлігі де мұндай қызмет…
Simba Sleep жасанды интеллекті 18 және одан жоғары жастағы 2000 адамға сауалнама жүргізді. Нәтижесінде, түнде тері жаңарып, қалпына келіп, жаңа жасушаларды жасайтыны белгілі болды. Табиғи қалпына келтіру циклі бұзылса, дене теріні әр түнде қалпына келтіруге уақыт таппайтыны анықталды. 18 бен 24 жас аралығындағы адамдардың 20%-ы жеті сағаттан аз ұйықтағаннан кейін терісі құрғап, қабыршақтанады. Ал 25 пен 34 жас аралығындағы адамдардың 17%-ы, ал үлкен жастағылардың тек 13%-ында құрғақтық сезілген. Z буын респонденттерінің 29%-ында ұйқының дұрыс болмауынан көзінің асты қарайған, ал басқаларының тек 20%-ында мұндай өзгеріс байқалған. Адамның ұйқысы қанбаса, мұны ағза «төмен деңгейлі төтенше жағдай» ретінде қабылдайды да, кортизол сынды гормон бөледі. Бұл…
«Қазақстанда әйел болғанша, Түркияда мысық болған артық»: Елде соңғы жайттарға байланысты шетелге көшіп кеткісі келетін жастар көбейген.Желіде ел болашағына сенбейтін жандардың Қазақстанда әрі қарай қалғысы келмейтіні туралы жазбасы көбейіп кетті. Бұған елдегі көптеген аймақта су тасқыны болып, 10 облыста төтенше жағдай жарияланғаны және әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ашық соты себеп болған. Олар елде әйелдердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегеніне, билік табиғи апаттардың алдын алмайтынына және әділдіктің жоқтығына наразы. Желі қолданушылары TikTok-та #ЖаңаҚазақстан, #Салтанатүшін хештэгтерімен Қазақстанда тұрудың кемшіл тұстарын айтып, тренд жасаған. “Егер сен Қазақстанға келетін болсаң, мұнда халыққа мемлекеттен көмек сұрағаны үшін айыппұл салатынын біл. Мұнда әйелін өлтірген адамды…
Әлеуметтік желіде көптің назарын аударған таиландық келін енесіне сәлем салып, зыр жүгіріп қонақ күтіп жұртты сүйсіндірді. Қазақ баласы мен мұхиттың арғы жағынан келген арудың махаббаты желі қолданушыларын қызықтырмай қоймады. Таиландық аруды әулетіне келін еткен Мирастың әпкесі Қалсұлу Stan.kz тілшісіне жастардың махаббат хикаясымен бөлісті. Ақтауға келін болған Ихваның қайын әпкесі Қалсұлу жастардың ағылшын тілін үйреніп жүріп, танысқанын айтты. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірін борт механик мамандығы бойынша аяқтаған Мирас тағдырдың айдауымен туған жері Маңғыстауға қайта оралады. “Мирас оқуын аяқтап, Ақтауға оралып, ағылшын тілін дамытпақ болды. Ол Ихвамен ағылшын онлайн курсында танысқан. Сөйтіп 6 ай сөйлесіп, қарым-қатынас құрған. Таныстығы махаббатқа ұласты. Осыдан бір жыл бұрын Мирас қызды көру…
Шенеуніктер халықтың басына бас қосылуын «қысым» ретінде қарастырып отыр. Қазақстанда демографиялық өсім баяулай бастады. Еліміз онсыз да халық санының өсу қарқыны жөнінен Орталық Азияда елдерінің ең соңында келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, республика халқының саны 20 075 271 адамды ғана құраған. Биылғы қаңтарда 20 033 546 адам болған еді. Ресми мәліметке сәйкес, ел тұрғындарының саны 20 миллионға бірнеше ай бұрын, 2023 жылғы 14 қарашада жеткен болатын. Бұл ретте статистика мамандары қазақстандықтар қатарын жатжұрттықтар көбейтіп жатқанына назар аудартты. 2022 жылмен салыстырғанда, 2023 жылы Қазақстанда тұрақты тұруға келгендердің саны бірден 45,7% өсті. Елімізге былтыр 25 387…
Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 10 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжаттар egov.kz. порталы арқылы қабылданады, «500 ғалым» бойынша өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеу алғаш рет bolashak.gov.kz. порталында «Үміткердің жеке кабинеті» бөлімінде онлайн жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.
Өйткені әңгіме адам саудасының құрбаны болғандарға төленетін өтемақы туралы болып отыр. Қазақстанда құл иеленушілікке қарсы тұруды қарастыратын жеке, жүйелі заң болған жоқ. Ал мұны республикадан адам құқықтары саласындағы өзі қосылған халықаралық келісімдер талап етеді. Заң болмағанымен, кесапат құбылыс бар және белең алуда. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын «адам саудасы» санатында 100-ден аса сотқа дейінгі тергеу тіркеледі. Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты адам саудасы артты. Құл иеленушілер болашақ құрбанын қақпанға әлеуметтік желілер, мессенджер арқылы еліктіреді. Бұл ел көзінен жасырын және трансұлттық сипат алды. «Даркнетте» құл саудасының көрігі қызып тұр. «Полиция қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы адам саудасына байланысты 150-ден астам…
Жайықтың көтерілуіне байланысты Орал маңында уақытша топырақ үйіндісін су бұзып әкеткен. Соның салдарынан 6 бағбандық серіктестікті су басқан: «Космос», «Стеновик», «Отдых», «Комарово», «Уралочка», «Дорожник». 300 саяжай телімін су басқаны хабарланды. 585 адам эвакуацияланған. Төрт адам құтқарылып, бірінші көмек берілген деп айтылады. TDK42 арнасы Instagram парақшасында Стеновик елдімекенінен түсірілген видеоны жариялады. Видеоға қарағанда, су ортасында қол ұстасып тұрған адамдар бір тұрғынды құтқаруға тырысып жатқаны көрінеді.
ТЖ министрі екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. ТЖМ ақпаратынша, қазір республика бойынша эвакуациялау пункттерінде 8809 адам, оның ішінде 3828 бала бар. 22 734 адам үйлеріне оралды. 11,2 млн текше метр еріген қар суы сорылды, 4,6 млн қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді.