Автор: asylbek

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз соғыс ардагері қалды. Василий Грецкийге биыл 2 140 000 теңге беріледі. Жеңіс күні соғыс ардагерімен қатар тың еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерінің жесірлеріне де әлеуметтік төлем қарастырылды. — Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жесірлеріне 100 мың теңге, кейбір ауданда мәслихат шешіміне байланысты 150 мың теңге беріледі. Сонымен бірге соғыс кезінде жараланып, контузия алып, мертігіп, ауруға шалдығып, қайтыс болған адамдарының зайыбына 150 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңге тағайындалды. Соғыс қатысушыларына, соғыс кезіне жаралану, контузия алып, мертігіп, ауруға шалдығуына байланысты мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген басқа да соғыс қимылындағы адамдарға 230 мың теңге беріледі, — Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру…

Толығырақ

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай жөніндегі штаб хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, қаладағы Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында Жайық өзені 8.84 метрге жеткен. Январцево ауылы — Ресейден келетін топан суды бірінші болып қарсы алатын елді мекен. Ауыл тұрғындары қазір үй айналасына топырақ үйіп, қорған жасап бекініп жатыр.

Толығырақ

Биыл бір тоқсан ішінде елде 300-ге жуық көлік ұрланған. Сақтандырушылардың айтуынша, жиі ұрланатын автокөліктің танымал брендтері — Toyota Camry, Lexus 570 және Hyundai Sonata. Ал төртінші орында — Mercedes Benz S-класс. Бұл қайталама нарықта немесе шетелде оңай сатылатын маркалар. Олардың бөлшектеріне де сұраныс жоғары.

Толығырақ

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған министрдін есімін ұсынамыз.»Жыл министрі» номинациясындағы бірінші орынды Руслан Жақсылықов иеленді. Сыни пікірлердің көптігіне қарамастан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният екінші орынға шығып отыр. Ал «Жыл министрі» номинациясында үшінші орынға Бағдат Мусин ие болып отыр. Әзірге қатысушылар арасында бірде-бір дауыс жинамаған билік өкілі – Ғалымжан Қойшыбаев. Осы жылы біз оқырмандарымызға министрлерге өз сұрақтарын қоюды ұсындық. Алайда, пайдаланушылардың басым бөлігі шенеуніктердің қызметіне тек қана наразылықтарын білдіруде.

Толығырақ

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді», — деп хабарлады ПД өкілдері. Сондай-ақ полиция көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

Толығырақ

Антикор хабарына қарағанда, Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді. Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған. Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады. Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған істер…

Толығырақ

Мамандар кей өңірде 40 градусқа дейін аптап болады деп отыр. Алайда барлық өңірде емес. Болжам бойынша, айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтіледі.

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Толығырақ

 Еліміздің сегіз облысындағы елді мекендерде ауқымды табиғи апат салдарынан азаматтарға келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейді.  Өтініштер Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарының елді мекендерінде қабылданады. Ал, Қарағанды облысында азаматтарға келтірілген залалды есептейтін комиссияның жұмысы аяқталды. ➤ Су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген азаматтар алгоритм бойынша төтенше жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде материалдық шығынды өтеуге өтініш бере алады. ➤ Зардап шеккендер қаржылық көмек, тұрғын үй және әлеуметтік қорғау шаралары түріндегі мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алады. Сонымен қатар оларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыру қарастырылған. ШОБ субъектілеріне, фермерлерге және мал басын…

Толығырақ

 Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. ➤ Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады. ➤ Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады. ➤ Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен…

Толығырақ