Автор: asylbek

Бұған дейін жергілікті билік тұрғындарға 200 АЕК көлемінде өтемақы төленетінін хабарлаған. Сондай-ақ ҚО әкімдігі де тұрғындарға берілетін бір реттік төлем сомасы 200 АЕК немесе 738 мың екенін жариялаған. Ұзақ уақыт өтпей жатып белгісіз себептермен өтемақы 2 есеге, 100 АЕК-ке дейін қысқарып қалыпты. Оның үстіне президент те әлеуметтік көмек сомасы 100 АЕК болатынын айтқан, ал жұртшылық бұған наразылық білдірмепті. Әйткенмен қалалық әкімдік те, прокуратура да бұл жағдайға қатысты еш түсінік білдірмеді.

Толығырақ

Ақтөбеде келіншек балалардың еміне көмектесеміз деп ақшаны қалтасына басқан. 2023 жылы қор мен емделуге мұқтаж баланың ата-анасы арасында келісім жасалған. Қажетті соманы жинаған соң қор ата-анасы мен баласын Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз емделуге жібереді. Қор түрлі сылтаулармен ақшаны аудармаған. Соның салдарынан бала дұрыс емделмей, ата-анасы өзге елде көмексіз қалған.

Толығырақ

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, елімізде 2018-2022 жылдар аралығында зейнетақы 150 доллардан тек 151 долларға өскен. Орташа жалақы осы уақыт арасында 472 доллардан 673 долларға дейін жоғарылаған. ЕАЭО-ның барлық елдерінде шығындардың негізгі бөлігі азық-түлікке тиесілі. Қазақстан азық-түлікке табыстың 51,2 %-мен ең көп шығын жұмсайтын ел. Қырғызстанда табыстың 47,3%-ы, Ресейде 32,9%-ы жұмсалады.

Толығырақ

Бұл туралы үкіметте өткен өрт қаупі кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Экология министрлігі 158 мемлекеттік орман иеленушіні тексерген. Нәтижесінде «Семей орманы» резерваты, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын емес екені анықталды, — делінді кеңесте. Еске салайық, былтыр «Семей Орманы» резерватын 100 мың гектарға дейін өрт шарпыған еді. Өрт салдарынан 15 адам қаза тапты. Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам орман және дала өрті, 4 мыңнан аса табиғи өрт тіркеледі.

Толығырақ

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды. «Құжат ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруды, ғалымдар үшін әлеуметтік кепілдіктерді жақсартуды және ғылымдағы қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған механизмдерді енгізуді, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарымызға білім алуда бірқатар жеңілдіктер беруді көздейді. Атап айтқанда заңда бірқатар жаңа өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдарға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру құқығын беру арқылы, өңірде ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру әрі іске асыру бойынша құзыреттер беріледі», — деді сенатор…

Толығырақ

АСТАНА. KAZINFORM — Ғалымдар жер бетін құрлық динозаврлары мекен еткен кездегі теңіз бен мұхиттарды кезген ірі кесірткені анықтады, деп жазады ВВС. Бауырымен жорғалаушының қаншалықты үлкен екенін нақты айту қиын, бірақ тұмсығы мен құйрығын қосқанда ұзындығы шамамен екі автобустың ұзындығымен бірдей болатыны анықталды. Фото: TONY JOLLIFFE/BBC Теңіз гиганты шамамен 202 миллион жыл бұрын мезозой дәуірінің триас және юра кезеңдерінің шекарасында өмір сүрген. Сарапшылар оның жақтары ұзындығы 25 метрге дейін жететін алып ихтиозаврға тиесілі екенін айтады. Бұл өткен жылы Дорсет жағалауындағы жартастан табылған плезиозаврдан ұзынырақ. Фото: TONY JOLLIFFE/BBC Алайда жойылып кеткен теңіз алыбының өлшемін сенімді түрде анықтау үшін толық бас сүйегі мен қаңқасын…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха (Якутия) Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі. – Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған. t.me/aqorda_resmi

Толығырақ

Көптен бері, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты, Маралды ауылында алтын өндіретін зауыт салынып жатқаны туралы ақпараттар легі шыққан болатын. Әрине, өндіріс орындарының құрылғаны жақсы. Жаңа жұмыс орындары құрылып, ауыл халқының әлеуметтік жағдайына бірқатар жақсылықтар келуі әбден мүмкін. Алайда, зауыт салынып жатқан жерде қызыл кітапқа енген жеті түрлі өсімдік пен екі балық түрі және үш бұлақ көзі бар. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың айтуынша, салынып жатқан зауыттың қабырғаларын тесіп, жер асты сулары шыға бастаған. Егер бұл сулар химиялық қауіпті элемент саналатын ционидпен араласып, ауылға қарай ақса оның зардаптары адам айтқысыз қасіретке әкелері сөзсіз дейді. Жергілікті тұрғын Қожықов Әділдің айтуынша, «Зауыт…

Толығырақ

Семей ядролық полигонының ардагерлері көмек сұрайды. Бүгін 17 сәуір күні Астанада Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер жиналып мемлекеттен 35 жылға жуық көмек ала алмай отырғандығын айтты. Жиналғандар өздерін «атмо әскерлері» деп атайды. Олар Кеңес Армиясы қатарында 1989 жылға дейін «Семипалатинск-22» ерекше қауіпті бөлімшесінде қызмет еткен. Ардагерлердің айтуынша, олардың қызметі құпия ұсталды. Олар мемлекеттік құпияны 25 жылға дейін жарияламауға міндеттеме алғандығын айтады. Статитика бойынша 1949-1989 жылдар аралығында 10 мыңға жуық «атом әскерлері» зардап шеккен. Оның ішінде нақты полигонда 4 мың адам қызмет етсе 500 адам ғана тірі қалған. Қазір осы бір қасіретті оқиғаның қатысушылары зейнетке шыққанымен радиация зардаптары денсаулықтарына…

Толығырақ

АХАЖ-ға тіркелмей неке қию рәсімін жүргізгені  үшін имамдар жазалануы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов айтты. Расныда елімізде заңды жолмен емес мешіт молдаларына барып, неке қиғызып, кейіннен талақ етіп тастап кетіп жатқан қаншама адамдар бар. Бірнеше баласымен көше кезіп тентіреп қалғандар елдегі жұмыссыз, жесір азаматтардың қатарын толықтыруда. Тіпті ең сорақысы мешіт имамдары  арқылы бір емес бірнеше неке қиғызып жүргендерде жеткілікті. Жалпы алғанда Қазақстандағы тұрмыс тауқыметін тартқан жалғызбасты аналардың көбеюіне әкеліп соғып отырған мәселеге баяғыда нүкте қоятын кез келді. Сондықтан да ең бірінші аудандық, облыстық АХАЖ бөліміне тіркеліп, заңды некесін  қиған соң ғана мешітке барып діни дәстүрмен неке қию…

Толығырақ