- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалы мен жергілікті әкімдік бірлесіп су тасқынына дайындық аясында қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр. Тереңдігі — 2 метр, ені — 7 метрден асатын канал Атырау қаласы арқылы өтетін судың көлемін азайту мақсатында қазылуда. Яғни, Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды. Айта кету керек, Атырау облысына келген суды Қазсушарға қарасты негізгі 4 канал: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын қабылдап, теңізге қарай өткізеді. Мұнда Ресейдің Сақмар өзені мен Ириклі су қоймасынан келетін суды қабылдау үшін қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл су сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі отандық әуе компанияларымен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдады. Атыраудан аптасына ұшатын 73 тұрақты рейстердің қатарына қазақстандық әуе компаниялар Атыраудан Астана, Алматы, Ақтау және Шымкентке аптасына 49 рейс қосылды. Тасымалдау сыйымдылығы 72%-ға ұлғайтылды (12 756 орыннан 21 958 орынға дейін). Биыл 9-12 сәуір аралығында Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қосымша 17 рейсті орындады (сыйымдылығы 3069 орын). Бүгінгі таңда қазақстандық тасымалдаушылармен Атыраудан ұшатын тікелей рейстердегі барлық эконом-класс тарифтері бір жаққа шаққанда 40 мың теңгеден аспайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл тарифтер 13-24 сәуір аралығында қолжетімді болады. Жолаушыларға әуе компаниялардың ресми сайттарында әуе билеттерін тексеру және…
Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы мен жергілікті әкімдік Жайық өзені бойынша келген тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін 14,5 шақырым қосымша канал қазып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Арнаның тереңдігі 2 метр, ені 7 метрден асады. Айта кетейік, Атырау облысына келетін суды «Қазсушар» мекемесінің қарамағындағы 4 негізгі арна қабылдайды: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын. Бұл каналдар арқылы да су Каспийге жіберіледі. Мұнда Ресейдің Сақмара өзені мен Иреклі су қоймасынан жіберілген суды қабылдауға қарқынды дайындық жүріп жатыр. Бұл су сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.
68665 әскери бөлімі мен Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері бас басқармасының жеке құрамы су тасқыны салдарынан қиындыққа тап болған ауыл тұрғындарына көмектесті. Олардың басты міндеттерінің бірі электр энергиясымен қамтамасыз ету болды. Дизель және бензин генераторларының көмегімен жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді. – Жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық күшімізді жұмылдырдық. Зардап шеккендердің тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас басқармасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі капитан Нұрболат Исаев. Әскерилердің қатысуымен Есіл ауданының, Заречный ауылы және Жарқайың ауданының Далабай, Тасөткел және Тассуат елді мекендерінің тұрғын үй-жайлары, медициналық, әлеуметтік және білім беру мекемелері…
Өз кезегінде отандық автотасымалдаушылар Армения аумағында жол және экологиялық алымдарды төлеуден босатылды Қазақстан Президентінің Арменияға ресми сапары аясында екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2006 жылғы 6 қарашадағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандумға сәйкес екі елдің әуе тасымалдаушылары Армения мен Қазақстан аумағындағы рұқсат етілген пункттерге (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей, Түркістан, Ақтөбе) 3-ші, 4-ші және 5-ші дәрежелі «ауа еркіндігін» пайдаланумен ұшуды орындау құқығына ие болды.…
Синтетикалық есірткінің, әсіресе жастар арасында таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері жыл сайын өзекті болып келеді. Оған қатысты азаматтардың саны артуда. Қазіргі қоғамның нағыз індетіне айналған есірткі саудасы, әсіресе синтетикалық есірткі, шешуші және тиімді қарсы шараларды қажет етеді. Медицина саласындағы сарапшылар синтетикалық препараттар 90% жағдайда оларды бірінші рет тұтынғаннан бастап тәуелділік тудыратынын, яғни, генофондқа және ұлт денсаулығына жаһандық қауіп төндіретінін растайды. Синтетикалық есірткілердің таралуының өсуі және Қазақстанда жасырын нарколабораториялардың дамуы аясында елге әкелінетін есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын химиялық заттар мен жабдықтардың айналымын мониторингілеу және бақылау қажеттілігі бар. Осындай қажеттілікті ескере отырып, Құқық қорғау органдары академиясы АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы…
Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 295 әскери қызметші, 200 бірлік автомобиль техникасы, 4 тікұшақ, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және әскери-көліктік ұшағы жұмылдырылды. Ақтөбе облысында 58012, 30238 әскери бөлімдері мен аумақтық қорғаныс бригадаларының жеке құрамы су тасқынымен күреске көмектесіп жатыр. Ойыл елді мекенінде паром өткелі жасалғалы бері әскери инженерлер бір жарым мыңнан астам адамды эвакуациялады. 94 бірлік техника мен 66 тоннаға жуық түрлі жүк тасымалданды. Атырау облысындағы жұмыстар да ауқымды. Құлсары қаласынан 30 шақырым жерде Жем өзенінің арнасын кеңейту мақсатымен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жару командасы он жарылыс жасады. Іс-шараларға «Батыс» ӨңҚ теңіз жаяу әскерлері бригадасының, 51051, 41433, 41321,…
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары және су саласының ардагерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жиында тасқын суын жинау және өткізу үшін гидротехникалық нысандардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, сарапшылар мен сала мамандары Орал қаласындағы Шаған су қоймасының жұмысына қатысты ұсыныс-пікір алмасты. Ресейдің Иреклі су қоймасынан жіберілген су 16-17 сәуірде Батыс Қазақстан облысына келеді деп күтілуде. Су тасқынына дайындық аясында негізгі каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Өңірдегі 14 су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 73%. Айта кету керек, еліміздің оңтүстігіндегі «Қазсушар» филиалдары Батыс Қазақстан облысына қолдау көрсетіп жатыр. «Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен тығыз байланыста…
Қарағандыға іргелес Сұрыптау кентінде теннистен спор шебері Гүлжазира Мамбарқызын еске алуға арналған үстел теннисінен республикалық байқау өтті. Турнирді осымен алтыншы жылы қатарынан өтіп келеді. Турнирге Қарағанды қаласы, Ағадыр, Астана, Шахтинск, Сарань қаласынан келген елуден астам спортшылар келіп қатысты. Турнирді ұйымдастырушы Керей-Молқы халықаралық қорының төрағасы, «Ақыт қажы» мешітінің бас имамы Жанарбек Мамбарұлының айтуынша «Спорт жасқа қарамайды. Қарындасымыз Гүлжазира Мамбарқызын еске алуға арналған үсте теннисінен турнирді өткізуді дәстүрге айналдырдық. Биыл да Астана мен Қарағанды облысынан келген спортшылар бақ сынасып жатыр. Іс шарамызға қолдау көрсеткен Қарағанды қаласының әкімдігіне алғысымызды білдіреміз» дейді. Қалаларалық турнирдің жеңімпаздары марапатталып, келесі жылы өтетін халықаралық турнирге дайындықтарын бастауға…
Бүгін облыс орталығында 1967 жылғы ер адам төртінші қалалық аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, науқас психомоторлы қозу кезінде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. Ер адам алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. — 1967 жылы туған науқас тыныс алу жолдарының ауруымен реанимация бөліміне түскен. Оған хаттамаға сәйкес ем-дом жүргізілді, — деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Медициналық мекеме басшылығы қызметтік тергеу жүргізіп, аурухана қызметкерлері тарапынан ешқандай құқық бұзушылық анықталмағанын атап өтті. Емделушілермен және медицина қызметкерлерімен психолог жұмыс істейтін болады. — Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс басшылықтың тікелей бақылауында, -…