Автор: asylbek

12 сәуірде Астанаға Қазақстанның әр өңірінен келген бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына араша сұрап, бас прокуратураға келді. Олардың балалары екі жылдан бері Ресей түрмесінде отыр. Жиналғандардың балалары 6-10 жылға сотталған. Оларға РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабы бойынша «заңсыз есірткі тасымалдады, таратты» деген айып тағылған. Гүлжихан Ибрахимованың баласы қазір Норильскіде отыр. Оны Краноярскідегі 42-ші лагерден жуырда ауыстырған. Бірақ оған анасы бара алмайды, себебі Норильск Ресей заңы бойынша жабық қала саналады, кіруге рұқсат керек. – Біз бара аламаймыз. Ол жер жабық қала деп бізді кіргізбейді. Екі жыл болды баламды көрмегеніме. Жауап жоқ. Қайда бармадық? Бәрі айтады «жаздық жұмыс жүріп жатыр» дейді.…

Толығырақ

Су тасқыны басталғалы бері 103 105 адам, оның ішінде 37 703 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 10 163 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 810 адам, оның ішінде 3 075 бала орналасты. 9,2 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Aқтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 4 040 жеке тұрғын үй, 1 155 аула аумағы және 2 037 саяжай үйлері су астында қалуда. Боқсық, Қалқұтан, Есіл, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Бұланды, Астрахан аудандарының төрт елді мекенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен…

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында тұрғындар арнайы қызметтермен бірге су тасқынымен күресіп жатыр. Арнасынан шығып тасыған Есіл өзені жан-жақтан қаумалап, елді мекенге кіріп жатыр. Таңертеңнен бері 109 үй су астында қалды. Бескөл ауылы тұрғындарының айтуынша, бүгін түнімен ұйқы болмай бөгеттерді нығайтқан. Алайда таңғы сағат 7.30 шамасында бөгет Жамбыл көшесі жағынан қатты ағын суға шыдас бермей бұзылып, су ауылға лап берген. Екі сағаттың ішінде бірнеше үй суға кетті. Фото: Ақерке Дәуренбекқызы Қазір тасқын сумен күреске төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы орган, әскери қызметшілер жұмылдырылған. Бескөл елді мекенінде Қарағанды мен Алматыдан көмекке арнайы келген мамандар жұмыс істеп жатыр. Мәселен бұл…

Толығырақ

Атырауда Жайық жағасындағы камералар онлайн трансляцияға қосылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, өзен жағалауына «Сергек» жүйесінің бірнеше камерасы орнатылған. «Камералар Индербор кентінің көпірінен бастап, Махамбет көпірі, Сарайшық, Алмалы ықшамаудандарында және қаланың қала маңындағы елді мекедерде Дамбаға дейін қолжетімді. «Камералардан Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде, Махамбет ауданындағы салынған көпірлерде, Сарайшық ауылында орнатылған. Мұндай камералар Атырау қаласында және оның маңындағы Бесікті, Геолог, Ширина, Зарослый, Дамбы ауылдарында да бар. Енді мұнайлы өңір тұрғындары картадан қалаған учаскедегі тасқынға қарсы жұмыстың барысын камерадан бақылай алады», — дейді Жасұлан Бисембиев. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Береке, Алмалы, Бесікті ауылдарын су басуы мүмкін екенін жазған едік.

Толығырақ

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы былайша өзгерген. Бағасы өскендер: бірінші сұрыпты ұн – 0,9%, сары май – 0,3%, тауық еті (сан еті) – 0,5%, сәбіз – 1,4%, қант – 1,1%, тұз – 0,1%. Арзандағандар: макарон өнімдері – 0,2%, күріш – 0,4%, қарақұмық – 1,2%, күнбағыс майы – 0,1%, жұмыртқа — 0,5%, картоп – 0,5%, пияз – 5,3%, қырыққабат – 0,8%.

Толығырақ

Ұялы телефоным шырылдай жөнелді. Қоңыраулатып тұрған ескі танысым. Ойпырым-ай! Бұл таныстың бағы зор екен. Аяқ астынан дәрежесі көтеріліп өсті де кеттік. Бәрінен бұрын ептілігін айт. Баяғы ауылда жылқы баққанда, құрық сүйрегенде ішуден алдына жан салмайтын № 1-ші еді. Төрт қыбыласы тіреліп тұрғандай еш алаңсыз болатын. Енді эмоциясы жоғалыпты. Бәрінен бұрын мәдениеттілікті айтсайшы… Сіз деп сызыла қалады. Сіз деп үлкенге –кішіге де сызылып тұрғандығын көріп ішім жылып сала берген өткенде. Өзі қоңырау шалды:-Бәкебай жағдай былай. Өзіңіз білесіз мен қазір пілдей фирманың бастығының замы болғам. Құдайға шүкір, бар… жетеді төбеден Құдай беріп жатыр, науадай құйылып жатқан дүниені аяймын ба!? Аянып қаларым…

Толығырақ

Бізде жалпақ ұран бар «Қазақ тілі -мемлекеттік тіл» деген. Бірақ, біздің елде Қазақ тілі соңғы сатыда. Байғұстың тілі. Пақырдың тілі. Соқырдың тілі. Сорлының тілі. Мемлекеттік мекемеге барсаңыз алдымен «Здрәсти!» дейді. Сәлеметсіз бе! -деп кері амандассаңыз. Демек Сіз «ауылдан шыққан соңғы мәмбетсіз!» өзіңізді басынан бастап, аяғыңызға дейін сұқтанып менсінбей қарайды. Түсінігі төмен. Ойы таяз. Зиялы емес. Оқымаған деп деген пікірде сізді амалсыздан қабылдайды. Мысалы: Сіз үлкен лауазымды қызметкерге жазылып мұң-мұқтажыңызды айтуға бардыңыз. Ол Сізді қабылдап отыр. Еститін Мемлекеттін дүрдей ақжағалысы. Сіз мұң- шағымыңызды айтып жатырсыз. Пәтерім жоқ. Жағдайым жоқ т.т. Ол бас изеп әгәрәки «қаламсабын» ұстап соған қызықтап отырса Сізді…

Толығырақ

Мектепте тентектеу болған Төртбайды, он бір жыл оқытқан ұстазы «Сен кәззап адам болмайсын!» деп ұрсатын-ды. Оның үстіне әкесі «жұрттың баласы, әне адам сияқты тып-тыныш жүр, сен ақылмен емес, жұдырықпен ойлайсың, әй адам болмайсын!..» деп жиі айтатын-ды. Қайдан білсін Төртбайдың болашақта төрт құбыласы тең болатындығын. Бақ шіркін адасып таздың басына, соқырдың көзіне қонатындығын. Мектепті «қотыр үшке» бітіріп, сонсоң әскерге кетті. Ел қуанды Төртбайдан құтылдық. Барсын. Таяқ жеп… Ес кіріп қайтсын деп. Жоқ, Төртбай Армияда да жәй қатардағы болмапты. Ротаны ашса алақаныңда, жұмса жұдырығында ұстапты, жұдырықпен де, ақылмен де. Сөйтіп елге келді. -Жоғары оқу орнына түсем. Заман оқығандыкі. Заман тоқығандыкі дегенде,…

Толығырақ

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен бөлінді. Қаржыландыру ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді. Бағалау комиссиясы жұмысының…

Толығырақ

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 3563 үй мен 563 аула су астында қалған. 9 млн текшеметр қар суы сорылған, 1,6 миллион қап және 1,2 млн тонна инертті материал төселген. 98 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалған.

Толығырақ