Автор: asylbek

Әлі күнге дейін табылмаған Айдос Шәймерденнің әпкесінің айтуынша, үкімет құтқарушының 12 жастағы ерекше күтімді қажет ететін қызына 10, екі жастағы баласына 10 миллион теңге өтемақы төленеді деп уәде берген. Басқа құтқарушылардың отбасы материалдық өтемақы алып қойған. Ал оның отбасына ақшалай көмек әлі көрсетілмеген. Ал индустрия және құрылыс министрлігі бұл мәселе, тікелей министрліктің құзыретіне жатпайтынын жеткізді. Бұған дейін, қаңтарда Майқайыңалтын кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткен еді

Толығырақ

Павлодардағы мектептердің бірінде жыл басында балалар арасында жанжал орын алған еді. Сот куәгерлердің, мектеп қызметкерлерінің айғақтарын зерделеп, сот қыздың өзін ұсақ бұзақылық жасады деп айыптады Анасына 51 688 теңге көлемінде айыппұл салды. Ол қызын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды.

Толығырақ

    2024 жылғы 3 сәуірде сағат 17.00-де елордалық Достық Үйінің ғимаратында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының аясында Қарағанды және Ақмола облыстарына гуманитарлық жүк жөнелтіледі. «Ассамблея жастары» РҚБ және Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлік орталықтарының мүшелері азық-түлік, алғашқы уақытта қажет болатын заттар мен  жылы киімдерді жеткізеді, сондай-ақ аталған өңірлердің зардап шеккен азаматтарына көмек көрсетеді. Іс-шараларға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары – республикалық штаб…

Толығырақ

Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтарының жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады.Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетелдік азаматқа еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды. Сонымен қатар Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.Бұдан бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған 6 мыңнан астам еңбек мигранттарына қатысты осындай бұзушылықтар анықталды. Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган «Qr»коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді.

Толығырақ

Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызмет өткеруге жататын адамдарды және мерзімді әскери міндеттілерді әскери есепке алу қағидаларының 6-тарауына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүргізуге міндетті. Заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізген кездегі негізгі міндеттерінің бірі жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау болып саналады. Осыған байланысты кадр бөлімдері әскери есепке алу құжаттарын (әскери билет, тіркеу туралы куәлік), әскери қызмет өткергенін растайтын анықтамаларды және т.б.сұрататын. Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан…

Толығырақ

Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.  Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделі түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.

Толығырақ

Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Бұл туралы Сенат мәлімдеді. Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы Төрағасы болды (1996-1999 ж.ж.). Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған. 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды. Бақытгүл Абайқызы-Казақпарат

Толығырақ

Елімізде 188 мың адам асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттен көмек алып отыр. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылған. «2024 жылы 4 миллионнан астам адам жалпы сомасы 5,4 трлн теңге көлемінде әлеуметтік төлем алады», — делінген министрліктің мәліметінде. Бұл төлемдердің санаты мынандай: 1) Зейнетақы төлемдерін (ынтымақты зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, БЖЗҚ-да МЗЖ МКЗЖ сақталуына мемлекеттік кепілдіктер) 2,4 млн адам; 2) Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы – 547,1 мың адам; 3) Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы – шамамен 188 мың адам; 4) Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына байланысты, 1,5 жасқа дейінгі…

Толығырақ

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнында мұнай төгілгені туралы дерек әлі расталған жоқ. Осы дерек расталса, жоспардан тыс тексеру жүргізу көзделіп отыр. Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін арнайы топ Каспий теңізінің қазақстандық секторына әуеден шолу жасауға аттанған. «Кеше, 1 сәуірде «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының атқарушы директоры Галина Чернова әлеуметтік желіде ақпарат жариялады. Осыған байланысты арнайы топ оқиға орнына шолу жүргізу үшін теңізге аттанып кетті. Мұнайдың төгілгені расталса, экология департаменті NCOC компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізеді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Каспий теңізіне шолу жүргізуге аттанған топ құрамында экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов, Атырау облысының…

Толығырақ

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндірілмек. Ол үшін облысқа Өзбекстаннан әкелу жоспарланған 2,5 млн түп тұт көшетінің алғашқы 85 000 түбі жеткізілді. Жапырағын жылына төрт рет жинауға болатын тұттың сорты «Әндіжан Мархамат 2017» деп аталады. Алғашқы көшеттер Жетісай ауданы, Мақталы ауылы маңындағы 25 га аумаққа отырғызылды. Ал көшеттердің келесі бір бөлігі Сарыағаш ауданында егіледі. Бұл жұмыстарға Өзбекстаннан арнайы аталған сорттың авторы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Абулфаттох Мусырманкулов келіп, жергілікті шаруаларға тұт ағашын отырғызуда әдістемелік көмек көрсетті.

Толығырақ