- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады
Автор: asylbek
«Қазгидромет» директоры Данара Әлімбаева желтоқсан айынан бастап су тасқыны қаупі бар аймақтардың аты аталғанын жеткізді. «Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысында су тасқыны қаупі жоғары екенін ескерттік. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Сонымен қатар наурыз айынан бастап біз жүзден аса дауыл туралы хабарламалар жолдап, ескерту айттық», – деді ол.
Құқық қорғау органдары академиясы полиция қызметкерлеріне «Азаптауға қарсы іс-қимыл: осы санаттағы қылмыстардың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Кездесу Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті. Академия ректоры Марат Сексембаев бүгінгі таңда елде агрессия көріністеріне бейім құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ерте анықтау жүйесі, сондай-ақ осындай қызметкерлерге қабылданатын шаралардың одан әрі алгоритмі жоқ екенін атап өтті. Әскери-дәрігерлік сараптаманың міндеттеріне құқық қорғау қызметіне кандидаттар тарапынан агрессивті мінез-құлыққа бейімділікті анықтау кірмейді. Тиісті тест міндетті емес және тек психологтың қалауы бойынша жүргізіледі. Сол сияқты бұл көрсеткіш азаптау қаупімен байланысты…
Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болған.Оқиға 2 сәуірде сағат 12.00 шамасында болған. Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр. Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі шу шығып жататын.
Қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбек Димаш Құдайбергенмен бірге Венгрия мен Түркияда өнер көрсетеді Олжас Құрманбек – әлем сахнасын бағындырып, әлеуметтік желіде тыңдармандардың жүрегін жаулаған кәсіби қобызшы. Музыкант қазақтың дәстүрлі аспабын 20 жыл бойы серік етіп келеді. 2017 жылдан бері Олжас әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге үлкен сахнада өнер көрсетіп жүр. Қобызшы шетелдік фильмдердің саундтрегін орындап, әлеуметтік желілерге жария еткеннен кейін, көпшілікке танымал бола бастады. Оның репертуарында ресейлік продюсер Игорь Крутой мен Димаш бірге жазған екі ән, сондай-ақ композитор Ренат Гайсиннің шығармалары бар. Осы жылдың мамыр айында «Stranger» концерттік туры аясында Олжас Венгрия мен Түркияда Димашпен бірге өнер көрсетеді. Қобызшы жеке…
«Екібастұзды дамыту 3 ірі бағытқа жүргізіледі. Олар – энергетика, металлургия және темір жол өнімдерін өндіру кластерлері. Энергетика саласын дамыту — Екібастұз ГРЭС-терінің қуаттылығын арттырумен байланысты. Металлургия саласында Индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылданып, серіктес ретінде «Mineral Product» кәсіпорны тартылды», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев. Оның атап өтуінше, аталған зауыттардың құрылысы кезінде 800 жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 4 мың жұмыс орны ашылады. Оған 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылады. Бұл салада іске қосылатын басқа да жобаның есебінен 1 200 жұмыс орны құрылады.
Оқиға Қашаған кен орны маңында болды, дейді эколог.»Глобус» экологиялық-құқықтық бастамасының атқарушы директоры Галина Чернова Sentinel-1A еуропалық жерсерігі ғарыш мониторингінің мәліметіне сілтеме жасаған. Энергетика министрлігі бұл жазбаға түсініктеме дайындап жатыр.
Халықтың бірлігі мен сабыры қиындықта сыналады. Қазақстанның бірнеше өңірінде болған су тасқыны еліміздің жұдырықтай жұмыла білетінін тағы көрсетті. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы жан-жақты күші мен барлық мүмкіндіктерін аямай, аймақтарға барынша көмек қолын созуда. Өңірлердегі Достық үйлерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған қабылдау пункттері жедел ұйымдастырылып, бүгінге дейін 24,5 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Сондай-ақ, Ассамблея жастары мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері волонтер ретінде мемлекеттік органдар мен ТЖМ қызметкерлеріне белсенді түрде көмектесуде. Және де этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Кәсіпкерлер Қауымдастығы өкілдері, ҚХА мүшелері материалдық-қаржылық көмекпен қамтамасыз етуде. Өңірлерде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу шараларын ұйымдастыру бойынша…
«Мемлекеттiк Елтаңбаны ауыстыру туралы әңгімені кім екен бықсытқан?» деп қолым тигенде ақпарат ақтарсам, оны дабыра қып жүрген «Жаңа адамдар» деген жастар қозғалысы екен. Астаналық жастардан құрылған сол қозғалыс белсенділері 500 адамға Елтаңба туралы сауал қойыпты-мыс. Сонда жауап бергендердің 70%-ы елтаңбадағы жекелеген кескіндердің мағынасын түсінбейтінін айтқан дейді. Осы есепке сүйенген «жаңа адамдар» Елтаңбаны ауыстыру ұсынысын: «…біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес» деп түсіндірмек болыпты. Мәссаған! Сонда бұларға қандай құндылық керек?! БАҚ-та қозғалыс туралы бірсыпыра мақала жарияланған екен. Бірақ ол мақалалардан қозғалыс құрып, шапқылап жүрген балдардың орнықты ойын оқи алмадым. Керісінше бұлар туралы көңіліме күмән…
Ақтөбе облысында үйі тасқын судың астында қалған көп балалы ана әкімдіктен көмек сұрады. Айтуынша, ол қазір төрт баласымен көрінгеннің есігін паналап жүр. Су басқан тұрғындарға әкімдік уақытша баспана да, ыстық тамақ та бермеген. Қара суықта үйлері тасқын судың астында қалған халық эвакуцияланғанмен, оларды жергілікті билік қараусыз қалдырған. Жалғызбасты, әрі көп балалы ана енді қайда баратынын білмей, күн сайын бір танысының үйіне қонуға мәжбүр. Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысында қауіп әлі сейілген жоқ.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пәтерге заңсыз кіріп үйді тонаған, сонымен қатар екі адамды өлтіріп, кішкентай қызды өлтіруге оқталды деген айып тағылған марқұмға қатысты (192-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 99-бабының 2-бөлігі, 1,14-тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі) іс қаралды. Сотта анықталғандай, сотталушы Е. 2023 жылғы 28 наурызда түнде мас күйінде велосипедпен үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, екінші қабаттағы пәтердің балконының ашық тұрған есігін байқаған. «Сотталушы газ құбыры арқылы пәтерді тонау мақсатында екінші қабаттағы үйге кірген, бірақ ақша мен бағалы заттарды таппаған. Пәтер иесі сыбдырдан оянған кезде қылмыскер оны бірнеше рет денесінің әр жерінен пышақтап кеткен. Кейін…