- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
Үстіміздегі жылдың 30 наурызында елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр. Санаттар бойынша: — жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; — «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар; — халықтың әлеуметтік осал топтары; — мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер; — жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтар. 2024 жылы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер беруді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 1 342 пәтер бөлінді
Саясаттанушы Оразғали Селтеев аймақтардағы су тасқынына байланысты алдағы уақытта облыс әкімдері ауысуы мүмкін екенін болжады. «Мұндай күнделікті ойланып, алдын алуға болатын мәселелерді қалай қалт жіберуге болады, түсініксіз. Мемлекет басшысы өте қатаң шаралар қабылдайтын секілді. Мүмкін бірден емес, бірақ әкімдер түбегейлі жаңарады», — деп жазады Селтеев. Ол өңірлер мен қала басшылары тұрғындардың да, орталық биліктің де үмітін ақтамағанын атап өтті. «Облыстық шенеуніктер саясатта ұзақ қалу ережелерінің өзгергенін түсінбеген сияқты. Тек атқарылған жұмыс туралы есеп беру жеткіліксіз. 24/7 жағдайды нақты бақылап, мұндай сәтсіздіктерге жол бермеу керек», – деді сарапш
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик қазақстандықтарды заңды жұмыспен қамту бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты. «Осы жылы Қазақстанда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгіземіз деп күтемін. Кейін қазақстандықтарға Кореяда 3 жыл жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Біз медициналық базалық сақтандыруды және зейнетақы аударымдарымен қаммтамасыз етуді ұсынамыз. Мұндай қорғау Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін өте маңызды»,-деді Чжо Тэ-ик. Алайд елші жүйе аясында Кореяда жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар тестілеуден өтетінін айтты. “Тілдік кедергі мәселесі өте маңызды. Нұсқауларды дұрыс түсінбеу немесе кәріс қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан Кореяға жұмыс істеуге келген қазақстандық тілді белгілі бір деңгейде білуі керек.…
Daily Mail жазуынша, жергілікті тұрғындар осы шөп қайнатпасы қара күштермен байланысты тексеретін тест екеніне сенген. Түрлі жастағы адам осы тәжірибенің құрбаны болды. Бие полициясының өкілі Антонио Хосе басылымға шөптен жасалған қайнатпаны ішкеннен өлім-жітім саны артып келе жатқанын және бұл жергілікті билік үшін үлкен проблемаға айналғанын айтты. Себебі Анголада бақсылық үшін айыпталғандарды қудалауға бағытталған заңнама жоқ. Бұл мәселені шешуді қауымдастықтарға қалдырған.
Бүгінде мәжілісмендер Ақмола, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында жүр. Депутаттар халықпен кездесіп, қажетті көмек көрсетуді қадағалауда. Еріктілердің жұмысын үйлестіріп, қажет болған жағдайда гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етуде. Мәжіліс депутаттары Айна Мүсірәлімова мен Юлия Кучинская Ақмола облысындағы Қоянды кенті мен Көкшетау қаласында болып, су тасқыны жағдайымен танысты, жедел штабтарды аралап, өңір тұрғындарымен кездесті. Жұма күні Мақсат Толықбай, Қазыбек Әлішев пен Асқар Садықов Ақтөбе облысына барды. Олар Қобда ауданының тұрғындарымен кездесті. Мақсат Толықбай ауылды су басу жыл сайын қайталанатынын атап өтті. Сенбі күні депутаттары Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысының Жезді ауылына барды. Мәжілісмендер су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен…
Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметтеріне сәйкес, Целиноград ауданының Қоянды әкімдігі өткен қыста қар шығаруға 30 млн тенге мердігерлерге ақша төлеген. Қар дер кезінде шығарылды ма, белгісіз. Алайда, бүгін Қоянды су тасқынымен күресуде, ТЖМ мәліметінше, 29 наурызға қарай 125 текше метр еріген қар суы сорылды. Бірнеше күн бұрын Қоянды ауылының тұрғындары үйлерін су басқан соң және қар уақытылы шығарылмағандықтан әкімдікке шығып, «Астана-Павлодар» тас жолын жауып тастады. Акцияның алты қатысушысына кейін айыппұл салынғанын баршасы біледі. Сонымен Қоянды әкімдігінің мемлекеттік сатып алу хронологиясына оралайық. 2023 жылдың қазан, қараша айларында 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қар шығару бойынша екі конкурс өткізіледі. Лоттың…
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды. Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық…
Науат қар ери жөнелді. Елді су басты. Қызыл суға қылар биліктің дәрмені қандай екендігін ел көрді. Қазіргі таңда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында Төтенше жағдай жарияланды. Отыз екі жылдан бері «шүкір» дегенінен жаңылмаған «тәубесінен арылмаған» халық өз күнін өзі көріп, өз жағдайын өзі жасап, мемлекетке сабыт салған жоқ. Билік пен бұқараның арасы бая-ғыда тоқсаныншы жылдарды аяғында ажырап қалған. Өйткені, қазіргі күні әкімдіктің қолында «өзімдікі деген» бірде-бір техника жоқ. Барлығы жекеменшікте. Ауылдарды неге су алып жатыр!? Өйткені, ауылдың барлығы ығайдың қолында, сығайдың қарамағанда. Шығайбайдың ықпалында. Көбіктің көлеңкесіндей болған қайран қазақ су астында малы қалып, тірісі амалы болмаған соң……
Президент Қ.Тоқаев су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс беріпті. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берілген. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланған. @newsroomkz