Соңғы сәуір айы бойында бұрыңғы экс-министр Қуандық Бишимбаевтың жасаған қылмысы көп талқыланып кетті. Тіпті Мәжіліс заң да қабылдап үлгерді. Жоғарғы соттағы Қ.Бишимбаевтың соты тікелей эфир арқылы көрсетіліп 3,9 млнға дейін қаралым жинады. Барлық БАҚ Бишимбаевты ермек қылып отыр. Ал елімізде болып жатқан су тасқыны басқа да қоғамдық проблемалар мен Мәжілісте қабылданып кетіп жатқан Заңдар қаншалықты маңызды екені айтпаса да белгілі. Жақында «Жол ережесі» туралы заң қабылданды. Біздің халықтың сөзін сөйлеп, Мәжілісте жалынды баяндамаларымен белглі депутаттарымыз бірауыздан қабылдап жіберді. Халықтың қалтасына тағы да салмақ түсуде. Су тасқынында алдын-ала жұмыс жасамаған, дайындалмаған министрліктер мен әкімдер екені сөзсіз. Президенттен «қатаң» сөгіс алумен құтылғанымен үйсіз-күйсіз қалып жатқан халыққа мемлекет қамқорлығын жасап жатыр. Төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктері мен еріктілер одан қалса қара халық өзін-өзі қорғап жатқаны өтірік емес. «Бишимбаев синдромы» жастарға қалай әсер етуі мүмкін. Мемлекеттің қаражатымен шетелден дайындаған жас мамандардың өз отбасыларындағы тұрақсыздығы мен адамгершілігі мемлекетке қаншама зиян әкеліп жатқаны есептеле ме? Иа, адам өлді. Бұл факт. Бірақ ақшаның күші арқылы қаншама адвокаттар жалдап, жазасын жеңілдетіп алудың қамына кіріскендердің түпкі мақсаты Бишимбаевтың жазасын жеңілдету және кейіннен аппелияция мен шартты мерзіммен босату шарасын қолданып шығып кетуді көздеп отырғаны хақ. Ал қоғам оны айыптайды. Бірақ Бишимбаев процессінің мемлекеттік деңгейде көтерілуі дұрыс емес. Алдында Атырауда өткен Құрылтайда Президент аузымен «Елтаңба», «Насыбай» мәселелерін көтерген идеологтар «Бишимбаев» мәселесімен де халықтың назарын аударып келеді. Бұл процесс біткен соң Бишимбаев ұзақ мерзімге сотталса «Әділетті Қазақстан» орнады деп шулаймыз. Бірақ күніне қаншама азамат «тауық» үшін үш-төрт жыл құшақтап кетіп жатқаны дәл осылай барша халықтың назарына ұсынылып келе ме? Қандай жағдай болмасын адам өлтіргендер жауап беруі керек. Ал оны барлық ақпарат құралдары арқылы насихаттауды көздеген құзырлы органдардың түпкі мақсаты белгісіз. Қалай болса да тик-ток, инстраграмм, «Бишимбаев арқылы» жастардың миын улап, санасын шектеп, ұлттық салт-дәстүр, отаншылдық, патриотизм деген мәселелер көлеңкеде қалып отырған көрініп тұр. Ертең елбасына күн туса ел шекарасын қорғайтын жастар табылмай қалмай ма?