• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бүгін 360 мыңнан астам бүлдіршін алғаш мектепке барды

Бүгін 360 мыңнан астам бүлдіршін алғаш мектепке барды

1 сентября, 2025 Басты тақырып

Астана. 1 қыркүйек. BM.KZ — Бүгін, 1-қыркүйек – Білім күнінде еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, бірінші сыныпқа қабылданған 360 мыңнан астам бала алғаш мектеп табалдырығын аттады. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 72%-ы қазақ тілінде оқуды таңдаған. Ал 11-сыныпқа 232 мың оқушы көшкен.

Жалпы ел аумағында 8 мыңнан аса мектеп бар. Оның ішінде биыл жаңадан 83 мектеп қосылып отыр. Сөйтіп, 2025-2026 оқу жылында 4,1 млн-ға жуық бала мектеп партасында отыратын болды.

Елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда білім береді. Бүгінде 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 245 ғимарат реновациядан өтіп жатыр. Нәтижесінде жарты миллионнан астам қазақстандық оқушы осы жылдан бастап заманауи әрі жайлы мектептерде білім алмақ.

Жаңа оқу жылы орта білім беру жүйесінде бірқатар өзгеріспен басталып отыр.

«1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін барлық оқушы үшін оқыту үрдісіне жасанды интеллект негіздері енгізіліп жатыр. Мұндағы басты мақсат, балаларды ЖИ-ді сауатты басқару мен қолдануға үйрету. Өйткені, ол бүгінгі қоғамда базалық технологияға айналған. ЖИ негіздері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі. Оны қолдану мен оның этикасын түсіндіретін интерактивті модульдерден тұратын «Day of AI» онлайн курсы барлық оқушыға қолжетімді болады», – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Екіншіден, 10-11-сыныптан бастап қазақстандық оқушыларға бастапқы кәсіби біліктілік беретін ерте бейіндік бағдарлау жүзеге асырыла бастайды. Ал заманауи жаңа стандарттарға сай білім беруге бағытталған «Келешек» мектептерінде 7-сыныптан бастап оқушыларға кәсіби бағдар беру қолға алынады. Қазір «Маман» деп аталатын арнайы платформа әзірленіп, жетілдіріліп жатыр. Онда әр баланың икемі, қызығушылығы, мүмкіндігі ескеріліп, бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

Үшіншіден, меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Ол биылғы Президент тапсырмасына сәйкес жалпыұлттық құндылықтар мен Абай философиясына негізделіп, қайта жаңғыртылған болатын. Барлық білім беру ұйымында бірыңғай визуалды ортаға арналған брендбук әзірленіп, бірыңғай дизайн-код енгізілу үстінде.

Төртіншіден, мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасы іске қосылады. Сондай-ақ, мектептерде ыстық тамақ ваучерлік жүйе арқылы, «Әлеуметтік әмиян» негізінде төленеді. 2025 жылдың соңына дейін балалардың мүддесін басты назарға алатын «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы қабылданады.

2025-2026 алғашқы қоңырау Білім күні Жаңа оқу жылы мектеп оқушы

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.