Мұны алаяқтар жеке деректерді алу үшін істеуі мүмкін
Министрлік әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемдерін іске асыратыны туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді. Белгісіз адамдар төлемдерді алу үшін «толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді сұрайды.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Жалған ақпарат таратушылар заңмен жазаланады.