• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Осмий-187 изотопы тек Ұлытау- Жезқазған өңірінде

Осмий-187 изотопы тек Ұлытау- Жезқазған өңірінде

4 марта, 2024 Ғылым
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жерінің асты толған қазына, үсті ырысты кенді өлке Ұлытау– Жезқазған өңірінің ен байлығын ел игілігіне айналдыру, кемелді келешегіміздің негізін бүгіннен қалап, экономикалық қуатын арттыру арқалы тәуелсіз мемлекетімізді дүние жүзіндегі дамыған елдермен терезесі тең өркениетті елге айналдыруға сүбелі үлес қосу-елін сүйер, Отанының баянды болашағына деген сенімі мол әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Металлургия саласын  игеру сонау бағзы замандардан келе жатқан кәсіп екенін айтатын болсақ, Металл өндірудің амал-тәсілдерін та­бу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адам­зат дамуының барысын түбегейлі өз­гертті. Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері – металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым бе­рік металдар өндіру ісін дамытып, олар­дың жедел технологиялық ілге­рі­леуі­не жол ашты. Қазба жұмыстары ба­ры­сында табылған металл қорытатын пеш­тер мен қолдан жасалған әшекей бұйым­дары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық зат­тары мен қару-жарақтары бұл туралы те­реңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежел­гі замандарда біздің жеріміздегі дала өр­кениеті технологиялық тұрғыдан қан­шалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.   Осынау кәсіптің негізгі ошағы Ұлытау-Жезқазған аймағы десек артық айтқандық емес. Металлургия өндірісінің алып ошағында мыңдаған металлург тұтас өңірдің дамуына үлес қосты.       Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының тұңғыш президеті, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Орталық Қазақстанның  болжам-металогениялық картасын жасағанда Жезқазған өңірінде мол мыс қорынан тысқары, оның сарқылмас қазынасы-кен жыныстарының құрамында сирек кездесетін түсті металдардың қоры бар екеніндігін ғылыми жолмен зерделеп шыққан еді. Яғни, 21 түрлі химиялық элементі, атап айтқанда қорғасын, мырыш, алтын, күміс, молибден, сурьма, селен, теллур, рений, осмий сияқты бағалы металдарды өндірістік жолмен бөліп алу арқылы, кен өндіруден түсетін қыруар байлықты еселей түсуге болады. Осы аталғандардың ішінде, ғалым-геологтардың деректері бойынша, әлемдегі жер қойнауындағы  ренийдің  30%, ал осмий – 187 изотопының 99% Жезқазған мыс кендерінің құрамында шоғырланған. Ендеше басқасын былай қойғанда осы екі металдың қоры бойынша әлемдегі монополист – Жезқазған. Әлемде өте сирек кездесетін осы екі металлдың біздің аймақта шоғырлануын Ұлытаудың кереметі деуге әбден болады.

Енді осмий мен ренийдің не екенін, қандай металл екенін екшелеп алайық. Рений (Rhenium) Re- Менделеев таблицасындағы элементтердің  периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент. Атомық нөмірі 75, атомдық массасы 186,207, ақшыл сұр түсті иілгіш металл. Ренийдің табиғатта бар екендігін 1871 жылы Д.И.Менделеев болжаса, 1925 жылы колумбит минералын зерттеу кезінде ағайынды неміс ғалымдары және В.Коддоктар мен О.Берг ашты. Рений атауы Германиядағы Рейн өзенінің латынша аталуынан (Rhenus) аталуынан шыққан.Табиғатта молибденитпен бірге кездеседі. Қазақстан ғалымдары ренийдің жалғыз минералын ашып (Re3Mo3Pb4S16) ашып, оны «Жезказганит» деп атады. Ренийдің вольфраммен қорытпасы электр шамы мен электр вакуумдық аспаптардың қыздырғыш сымдарын, баяу балқитын қорытпасы ұшақ пен зымыран тетіктерін жасауда және катализатор ретінде қолданылады. Нарықтық бағасы сапасына байланысты бір килограммы 2000 доллардан 10 000 доллар арлығында тұрады. Ал, біздің елде өндірілетіні, әсіресе, біз ұсынған жолмен өндірілгені 99,99% таза рений металы жоғары бағаланатыны сөзсіз.

Осмийге келетін болсақ, элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химиялық элемент. Атомдық нөмірі 76, атомдық массасы 190,2 болып келетін элемент платина металлдар санатына жататын, күлгін түсті металл.

Әлемдегі сан салалы өндіріс орындарына қажетті осы сирек металдардың химиялық таралу заңдылықтарын зерттеу, кен құрамындағы рений және осмий сияқты құпиясы мол металдардың үлесін анықтап, оларды өндіруді жолға қою бағытында көптеген ғылыми мекемелер мен институттарда ғылыми ізденістер мен зерттеу шаралары үздіксіз жүргізіліп отырды. Жезқазған кен қорында рений, осмий сияқты бағалы металдардың бар екендігін зерттеп, алғаш анықтаған Қ.И.Сәтбаевтың серіктестері, көзі қарақты ғалымдар С.К. Калинин, Т.А.Кошкина, Э.Е. Файн кендегі негізгі минералдардың көлемі ұлғайған сайын ренийдің мөлшерінің де өсіп отыратындығын ғылыми негізде дәлелдеді. Кейіннен осы мәселені зерттеу ісіне ғалымдар Е.К.Аркаев, К.Д.Жаминов, Л.Ф.Наркелюк, Е.М.Поплавка, М.Қ.Сәтбаевалар да ден қойды.

Ал, енді осмий жайында сөз қозғасақ, мыс кені құрамында кездесетін бұл сирек металдың ерекшеліктерін алғаш зерттеген ғалым, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, геология және минерология ғылымдарының докторы С.К.Калинин мен химия ғылымдарының докторы Э.Е.Файын болатын.

Осмий Жезқазған мыс кені жыныстарының құрамында рений изотоптарының бір түрі ретінде кездеседі. Ренийдің екі изотоптан, рений-185 және рений-187 изотоптарынан тұратыны, олардың олардың табиғи ренийдің құрамында тиісінше 37,07 және 62,93 пайыз болатындығын, рений-187 изотопы 75- атомнан кейін ыдырап, 76 -атомында осмий-187 изотопы құрылатындығын дәлелдеген ғалымдар, оны өндіріске енгізу технологиясын игеру қажеттілігіне назар аудартқан. Бірде Жезқазғанға іс-сапармен келген С.К.Калинин осы зерттеулер жайлы айта келіп, «Жезқазған мыс кенінің құрамындағы сирек металдар мұндай мөлшерде басқа жерлерде кездесе бермейді. Бұл табиғаттың сендерге беріп отырған сыйы» -деген еді қарт ғалым.

1973-1975 жылдары Жезқазған мыс қорыту зауытында тәжрибелік қондырғылар орнатылып, шайылған күкірт қышқылынан аммоний перренатын (рений тұзы) өндіру қолға алынды. Ал, 1976 жылы сирек металдар цехы іске қосылды. Экстракциялық технологияны өндіріске енгізіп толық меңгерілгені үшін цех бастығы Л.В.Загорулько Кеңестер Одағы Министірлер Кеңесінің сыйлығына ие болса, инженер-металлург А.Н Перфильев Кеңестер Одағының ХШЖҚ қола медалімен марапатталды.

40 жылдан аса Жезқазған мыс қорыту заводында металлург болып қызмет атқардым, соның ішінде 1991-2001 жылдар аралығында сирекметалл өндірісіне басшылық жасадым.

Осы жылдар аралығында сирек металдар цехы ғылыми- тәжрибелік алаңға айналды деуге толығымен болады. Кәсіпорында өндіріс қалдықтарынан сирек металл өнімдерінің  жаңа түрлерін өндіру жолында ғылыми-зерттеу іс-шаралары одан әрі жалғасып, тоқтаусыз жүруіне Қазақстан ҒА академигі Е.И.Пономарева, т.ғ.д., академик З.С.Әбишева, х.ғ.д Загородняя, т.ғ.д Л.Я. Агаповалар көп еңбек жасады. Қ.И.Сәтбаев атындағы геология институтынан т.ғ.д. Э.Е.Файн, т.ғ.к. М.И. Мадин, Қарағанды химия-металлургия институтынан т.ғ.д. Т.А. Оралов, т.ғ.к. Б.П. Хасен, т.ғ.д С.М.Исабаев т.б. көп еңбек сіңірді, жетекшілік жасады.Сирек металдарды өндіру көлемін арттыру, сапасын жақсарту туралы үлкен бағдарлама жасалып, бекітілді.

Тоқтаусыз жүргізілген жұмыстарымыз өзінің нәтижесін берді, атап айтар болсам: 1) 1991 жылы қазан айында электородиализ қондырғысы орнатылып, өндіріс қалдығынан рений қышқылы бірінші рет алынды; 2) Қорғасын шаңынан қорғасын суригі алынды; 3) Бірінші рет Жезқазғанда 1995 жылдың 15 мамырында таза осмий-187 металы алынды; 4) 1996 жылы желтоқсан айында бірінші рет ренийдің таза металы алынды; 5) 1999 жылы өндіріс қалдығынан (свинцовый кек) үш негізді қорғасын сульфаты алынды және осы қалдықтың құрамындағы рений мен осмийді қосымша алуға қол жеткізілді; 6) 2001 жылы наурыз-маусым айларында мыс концентратынан перренат аммониін өндіру (извлечение) көлемі жоспардағы 45% дан 67% ға жеткіздік, сол кездегі бұл үлкен өндірістік көрсеткіш болатын.

Жезқазған жерінде алынған таза Осмий-187 изотопын 1998-2000 жылдар арлығында Германияның Таунштайн қаласындағы Фрезениюс институтының зертханасында сраптамадан өткізуге үш мәрте апрыдым. Сараптама үшеуінде де жоғары тазалық көрсетті, химиялық тазалығы-99,9%, изотоптық тазалығы — 99,4 %.

Республикамыздың ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары және сирекметал өндірісінің қызметкерлерінің бірлесіп атқарған ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша 22 жұмысқа Қазақстан Республикасының авторлық куәлігі беріліп патенттелді, 80 аса ғылыми мақалалар мен баяндамалар отандық және шетелдік басылымдарда жарияланды, өндірістен қол үзбей жүріп төрт сирекметал қызметкері техника ғылымдарының кандидаттығын қорғады: Н.А. Перфильев (1992ж.), Т.Н. Бүкіров (1998ж.), З.Т.Әбдрахманова (1998ж), М.С.Абайдильдинов (2001ж.)

Тәуелсіз Қазақ еліне ғана емес бүгінгі күні сапалы рений өнімдері мен осмий металын шығару арқалы әлемге танымал болған «Жезқазғансирекметалл» кәсіпорыны ырғақты жұмыс атқаруда. Соңғы жылдары мыс зауытының бір жыл тоқтауы мен жарты қуатына жұмыс жасауына байланысты аталмыш мекеменің шығаратын өнімдерінің көлемінің азаюына, экономикалық жағдайының ауырлауына үлкен әсерін тигізген болатын.  Сирекметалл басшыларының дер кезінде тиімді шаралар қолдануының арқасында кәсіпорын ырғақты жұмысын жалғастырды. 2018 жылдың аяғында Жезқазған мыс зауытының толық өндірістік қуатына енуіне байланысты «Жезқазғансирекметалл» кәсіпорынының өндіретін өнімдерінің көлемі еселеп артуына үлкен ықпал жасады.

Соңғы жылдары әлемде рений мен басқа да сирек металдар өнімдеріне сұраныс артуда. Бүгінгі күндері өндіріс қалдықтарынан рений, осмий басқа да сирек металдарды өндірудің мүмкіндігі толығымен атқарылмауда, олардың бірқатар көлемі қорғасын шаңының құрамындағы рений мен осмий өндірілмеуде. Жезқазған мыс кенімен келетін рений мен осмийдің 50%-дай көлемі байыту фабрикасының қалдықтарында  кездеседі. Сирекметалл өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында, оларды өндіріс қалдықтарынан толығымен алу жолдарын  ғалымдармен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылса жақсы нәтижелер беретіні анық.

14 ғылыми жаңалықтарым патенттеліп, ҚР Ұлттық патент ведомствосының куәлігі берілді. 57 ғылыми мақалаларым отандық және шетелдік басылымдарда жарияланды. «Құрамында ренийі бар аммиак-сульфат ертіндісінен осмий алудың технологиясын зерттеу және дайындау» тақырыбында кандидаттық диссертациямды сәтті қорғадым.

Әлемдегі жер қойнауында өте сирек кездесетін Oсмий-187 изотопының 100%, ренийдің  30% тек Ұлытау-Жезқазған аймағында кездесетінін ескерсек, Ұлытаудың кереметтерінің бірі деуге әбден болады.

Ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің ашып берген кен байлығының құрамынан, әлемде өте сирек кездесетін Осмий-187 изотопын таза металл ретінде алынуы және мыс өндірісінің қалдықтарынан басқа да тауарлы өнімдер өндірілуіне тікелей қатынасқанымды Жаратушы Алланың сыйы деп қабылдаймын.

Төлеген Бүкіров, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Құрметті металлургі, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

 

Оқылып жатыр

ҰБТ: Елу бес ереже бұзылды

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

Елдегі өмір сүру ұзақтығы орташа индекспен 75 жасқа ұзарды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024809 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024540 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қамыс өрті — Ақ Жайық экожүйесіне төнген қауіп: экологиялық дабыл ма, маусымдық заңдылық па?

Басты тақырып 17 июня, 2025

Атырау облысы, 2025 жылдың 13 маусымы — Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылынан 15 шақырым қашықтықта…

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

17 июня, 2025

«Семей орманы» резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

16 июня, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді Астанада салтанатты түрде қарсы алды

16 июня, 2025

Астанада «Күй» спектаклінің тұсаукесері өтті

15 июня, 2025

Ақмола облысында тұрғын өз ауласында 900-ден астам қарасора бұтасын өсірген

14 июня, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын «Росатом» жүзеге асырады

14 июня, 2025

Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті: Экономиканың негізгі драйверлері белгілі болды

12 июня, 2025

Ақтөбеде 197 млн теңгені жымқырған қаржы пирамидасы анықталды

11 июня, 2025

Рақымшылықтан кімдер үмітті? Конституцияның 30 жылдығына орай заң жобасы талқыланды

11 июня, 2025

Торғай даласына тағы 7 жабайы жылқы жеткізілді

9 июня, 2025

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық топ әшкереленді

9 июня, 2025

Қала қоқыс полигоны ма?

9 июня, 2025

Астанада «Бақыт құшағында» атты мюзикл-фильмнің түсірілімі жүріп жатыр

8 июня, 2025

Фармацевтика саласындағы жүйелік проблемалар әлі де шешілер емес

8 июня, 2025

377 миллиард теңге – шетелге кеткен азаматтардың зейнетақысы

7 июня, 2025

Игерілмеген 12 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

7 июня, 2025

«Байтақ» партиясы үндеу жасады

7 июня, 2025

«Адам өлтіру» Құлсарыда жоғалған 8 жастағы қыз өлі күйінде табылды

6 июня, 2025

Мемлекет басшысы Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

6 июня, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.