Бакуде Қазақстан мен Әзірбайжан прокуратураларының заңдылық пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды
Қазақстан делегациясының басшысыБас Прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев Әзірбайжан Республикасының Бас прокуроры Камран Байрам Оглумен Әзірбайжан астанасы Бакуде кездесті.
Кездесу барысында Каспий теңізі аймағында заңдылықты қамтамасыз етуде және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуда бірлескен, маңызды күш-жігерді дамытудың негізгі кезеңдері, сондай-ақ құқық қолданужәне қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды.
Атап айтқанда, талқылау екі елдің прокуратураларының заңнаманы сақтаудағы үйлестіруші рөліне бағытталған.
Ж.Өміралиев құқық қолдану органдары экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте алдыңғы қатарда болуы тиіс екенін атап өтті.
Осы салалардағы тиімді халықаралық диалог пен ынтымақтастық өзекті болыптабылады.
Екі елдің қадағалау ведомстволары қоршаған ортаны қорғаудың инновациялық әдістерін әзірлеу мен енгізуде әріптестікті нығайту және тәжірибе алмасу, сондай-ақ экологиялық құқықбұзушылықтармен күресу үшін құқық қолдану тиімділігін арттыру туралы келісті.
Қазақстан Бас прокуратурасының өкілдері Каспий теңізін қорғаудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын ерекше атап өтті, тек үйлестірілген әрекеттер мен өзара қолдау арқылы ортақ табиғи мұраны сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.
Жүргізілген келіссөздер екі елдің де құқық қорғау қызметі мен экологиядағы көпжылдық ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастыруға дайындығын тағыда растады, бұл қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, сонымен қатар заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жан-жақты дамытуға ықпал ететін болады.
Қазақстанның Бас прокуратурасы жемісті өзара іс-қимыл жасағаны үшін алғыс білдіреді және Әзербайжан әріптестерінің заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіндегі күш-жігерін жоғары бағалайды.