• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Көрші Қытай әлемдегі ең терең ұңғы қазып, «жер түбіне» жетуге таяды

Көрші Қытай әлемдегі ең терең ұңғы қазып, «жер түбіне» жетуге таяды

17 марта, 2024 Жаңалықтар

Қытай ауа-райын басқару технологияларын дамытып жатыр. Соның аясында бұлттарға әсер етіп, жасанды түрде жаңбыр мен қар жауғызу, жауын-шашынның түсуін реттеу және басқа аса ірі жобалары бар. Халықаралық ақпарат құралдары осы мақсатта Қытай аэроғарыш ғылымы мен техникасы корпорациясы әзірлеген әскери технологияларды да қолданылатынын жазды.

2013 жылдан бері бұл ел жыл сайын кем дегенде 55 миллиард тоннадан астам жасанды жаңбыр жауғызады.

Hi-news порталының дерегінше, Қытай Тибет шыңдарында ондаған мың өртеу камераларын орнатуда. Камераларда қатты отын, көмір жағылады екен, бұл атмосфераға күміс йодидінің лақтырылуына соқтырады. Йодид ауадағы су молекулалары үшін конденсат есебінде әрекет етеді және оларды айналасына жинап, әбден ауырлаған соң жаңбыр түрінде жауады.

Ғалымдар мұндай жобалар бұлттар қозғалысын бұзып, атмосферадағы ағындар бағытын өзгертіп, әлемнің өзге өңірлерінде қуаңшылық тудырады деп қауіптенеді.

Осы орайда Қытай Қазақстанның іргесінде, Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында әлемдегі қазіргі ең терең ұңғыны бұрғылап шықты.

Осы елдің Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ұңғыға Shenditake-1 атауы берілді.

Енді белгілі болғандай, ШҰАА-дағы ең терең ұңғы биылғы 4 наурызда, сағат 14:48-де 10 мың метр межесіне жетіпті. Мұны Бейжің «отандық тереңдікті геологиялық барлау саласындағы тарихи ірі жетістік» деп таныды.

Сонымен, Қазақстан тұрғындарын да қызықтыратын атақты Shenditake-1 ұңғысы:

Қытайдың солтүстік-батысында, Қазақстанмен шектесетін Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы Такла-Макан шөлінде, Тарим ойпатында орналасқан.
Жоба бойынша 10 мың метрмен тоқтамай, кем дегенде 11 мың метрге жеткізу қарастырылған.
Бұл ұңғы әлемдегі ең тереңінің біріне айналуға тиіс көрінеді.
Оны бұрғылау 2023 жылғы 30 мамырда басталды, содан бері қытай геологтары 13 (!) континенталдық пластты тесіп өткен.
Жерді тесуге ҚХР 20-дан астам бұрғылау қондырғысы мен 1 мыңнан астам тескіш құбырларын қолданып жатыр.
Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) жергілікті Тарим мұнай кен орны бойынша бас сарапшысы, Shenditake-1-ді бұрғылауға жауапты тұлға Ван Чуньшэн Қытай елінің 10 шақырымнан асатын тереңдіктегі тік ұңғыманы өз тарихында тұңғыш рет қазып отырғанын мәлімдеді.

Оның байламынша, 10 мың метрден әрі қарайғы тұңғиықтарда мамандарды өте салмақты проблемалар күтіп тұр. Мысалы, Жер температурасы 200°C-қа дейін көтеріледі. Қатпар-пласттағы қысым 130 МПа (мегапаскаль) деңгейінен асып кетеді. Мұның қаншалықты алапат қысым екенін мынадан байқауға болады. Уикипедияда баяндалғандай, ядролық жарылыс кезінде 165 МПа ауаның лезде 20 000 °C-қа дейін қызуына әкеледі.

Қытайлық маман он мыңдық межеден кейін бұрғылау әрбір метр сайын күрделенетінін жеткізді.

Бұл жерде «сонша терең қазу Қытайға не үшін қажет болды?» деген сауал туады. Бейжің бұл өңірдің қойнауында, терең шыңырауында қандай-қандай қазыналар тұнып жатқанын білгісі келеді.

Неге ол үшін Шыңжаң өлкесіндегі Тарим бассейні таңдалды?

Бұл аумақтың асты өзге қазынасын айтпағанда, қара алтын мен көгілдір отынның ұланғайыр қорына толы деп есептеледі және Қытайдың мұнай-газ секторын дамытудың ең перспективті бағыты деп танылған.

Ондағы тұнба жыныстардың қалыңдығы 10 мың метрден асады. Яғни, жер асты дариясына жолықпай, тесе алады.

Өңірдегі жер фундаменті біздің дәуірімізге дейінгі 538,8 миллион жыл бұрынғы Кембрий кезеңінен де көне жыныстардан құралған.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде әлемдегі ең терең, ескі ұңғы – Ресейде орналасқан. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Көл (Кольский) түбегінде Кеңес одағы 12 шақырым 262 метр тереңдікке дейін бұрғы салды. «SG-3» Көл ең терең ұңғымасын қазуға шамамен 20 жыл кетті және 1989 жылға дейін жалғасты. Артынша КСРО күйреп, бұл жоба керексіз, адыра қалды, иесіз тасталды.

ҚХР-дың бұл тереңдікті бір жылда еңсеруі ғажап емес.

Әлеуметтік желілерде түрлі елдердің азаматтары «Қытай Жер ғаламшарын тесіп тастайды» деп қауіп білдіруде. Шынында, бұл әзірге бірде бір елдің қолынан келмейді. Ең терең Көл ұңғымасының өзі (12 262 метр) Жердің ортасына дейінгі жолдың шамамен 0,2%-ын ғана еңсерді.

Әлеуметтік желіде «Қытайдың жерді бұрғылап, тесуі Алматыдағы зілзалаға соқтырды» деген «конспирологиялық теориялар» да айтылып жүр. Бұған таяудағы ірі жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 264 километр қашықта, Қытай жерінде, шекараға жақын орналасуы түрткі болды.

Былтыр бірқатар шетелдік басылымдар «Қытайдағы Тарим ойпатындағы терең ұңғыны бұрғылаудың жер сілкінісіне немесе жанартаулардың атқылауына түрткі болуының тәуекелі бар» деп жазған.

Бұрынғы жылдары «Қазселденқорғау», Сейсмология институты сияқты бірнеше ұйымды басқарған Мұхтар Хайдаров Tengrinews-дің тиісті сауалына жауап берді.

«Адамдар техногенді немесе жасанды жер сілкінісін туғыза алады. Бірақ мен ол туралы айтуға асықпас едім. Себебі, 1970 жылдары Көл ең терең ұңғысын (Кольская сверхглубокая скважина) бұрғылағанда ешқандай жер сілкінісі тіркелмеді. Бұл – бір. Екіншіден, бұрғылау кезінде жер астына көп көлемде су айдалса, бұл жер сілкінісіне түрткі бола алады. Мысалы, АҚШ-тың бір қаласы пайдаланылған кәріз суын қайда жіберерін білмей, оны ұңғымаға айдаған. Бұл қалада шағын зілзалалардың басталуына соқтырды. Сондықтан америкалық қала басшылығы ондай әрекеттен бас тартты», – деді ғалым.

Оның пікірінше, «жер қатпарына қысыммен айдалған су таяудағыдай, үлкен магнитудадағы жер сілкінісіне серпін бере алмауға тиіс».

«Бірақ мен бұлардың арасындағы байланысты жүз пайыз жоққа шығара алмаймын, өйткені қолымда қажетті мәліметтер жоқ. Мен Қытайдың жер астында не істеп жатқанынан хабарсызбын. Тұтастай алғанда, жер сілкінісі адамдардың қолымен жасалып, техногенді сипатта болуы мүмкін екенін де жоққа шығармаймын», – деді сейсмолог ғалым Мұхтар Хайдаров.

Қалай болғанда, өзіне тікелей қатысты болғандықтан, Қазақстан Үкіметі, жауапты құрылымдары серіктестік аясында көрші елдерден тиісті ақпарат алғызып, салдарын болжамдап отырса, қамсыз қалмаса, жөн болар еді.

Оқылып жатыр

Өгей қызына қырындаған Лисаковск бизнесмені өмір бойына сотталды

G7 мен ЕО Ресей мұнайы экспортына толық санкция қарастырып жатыр

Өзбекстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Өгей қызына қырындаған Лисаковск бизнесмені өмір бойына сотталды

Жаңалықтар 6 декабря, 2025

Астана. 6 желтоқсан. BM.KZ – Лисаковск қаласының экс-депутаты болды деген бизнесмен кәмелетке толмаған өгей қызына жыныстық…

G7 мен ЕО Ресей мұнайы экспортына толық санкция қарастырып жатыр

6 декабря, 2025

Өзбекстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді

6 декабря, 2025

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

5 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.