«Путин 87,68% дауыспен жеңді»: Ресейдегі сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты
Ресейде президент сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алдын-ала мәлімет бойынша, президент Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады.
Эксзит-полдардың бәрі де оның жеңісін шегелеп жатыр. 2018 жылы сайлауда сайлаушылардың 67,54% дауыс берген. Бұл жолы ресми билік дауыс берушілердің 74,22% сайлауға келгенін хабарлады.
Украинаның оккупацияланған облыстарында да Ресей билігі дауыс беруді ұйымдастырды. Батыс елдері оны бірнеше рет Украина егемендігін бұзу деп атады. Ресей армиясы алып жатқан Запорожье территорияларының, сондай-ақ Херсон, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары сайлауға қатысуға мәжбүр болды. Оларға қарулы әскерилердің сүйемелдеуімен комиссия мүшелері келген.