– Мен жуырда Үрімжіге бардым. Жалпы Қазақстанның Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі. Сондықтан біз сияқты көрші мемлекетке ынтымақтастықты ілгерілету тиімді әрі қажет. Қазақстанға келер болсақ, осы ықпалдастықты табысты дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Президент.
Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.