• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Кіші Аралды қайтсек құтқара аламыз?

Кіші Аралды қайтсек құтқара аламыз?

28 марта, 2024 Қоршаған орта

Соңғы 50 жылдан бері адамның жыртқыштығымен аңқасы кепкен Арал теңізінің қазіргі жайы кісі аярлықтай.

Ең үлкен трагедия – Арал теңізінің екі жағынан белдікше қаусырған Қызылқұм мен Қарақұмның бір-біріне тынымсыз жылжуы.

Inbusiness.kz тілшісі инженер-гидротехник Әлібек Сабырбаевпен теңіз тағдыры турасында әңгіме өрбіткен еді. Өлкетанушының айтуынша, тереңдігі 70 метрге жуық теңіздің жоғалуы – адам сенбестей оқиға.

«XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Арал аймағы – «Экологиялық апат аймағына» айналды. Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы 6 миллион гектарға созылған, тереңдігі 69 метр теңіздің жоғалып кетуі – адам баласы сенбейтін жағдай. Сенбеске амалың жоқ, жүз жылдан аса хомо сапиенс (саналы адам) ұрпақтарының қолымен жасалды, Коммунистік партияның жоспарын міндетті түрде орындауға үйренген, «шаш ал десе, бас алатын» «қызыл коммунистердің» басшылығымен «табиғаттың бермесін тартып аламыз!» деп ұрандатып жүріп Арал теңізін құрттық. Тағдырын теңізбен байланыстырған ата-бабаларына мыңдаған жыл теңіздің жағалауы қоныс болған, несібесін теңізден айырған миллионнан аса халықтың (Арал, Қазалы ауданы, Қарақалпақ Республикасы) тағдыры аяқ асты болды. Аралдықтар үшін «Көк жойқын теңіз, Кемерінен асып көлкіген» деп ақын Зейнолла Шүкіров жырлаған теңіз енді жоқ!»– деп күңіренеді ол.

Социалистік Еңбек Ері, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Әуелбеков Арал теңізі туралы: «Қай кезде де ет пен сүтті, күріш пен мақтаны өзге жерден сатып алуға болады. Ал суды, әсіресе теңізді сатып ала алмаймыз» деп айтқан екен. Иә, мұны растамасқа амалымыз жоқ. Өйткені, Кіші Аралды сақтап қалу үшін қаншама миллиардтардың құмға сіңгені де өтірік емес.

«Ең үлкен трагедия Арал теңізінің екі жағынан белдікше қаусырған Қызылқұм мен Қарақұм тынымсыз жылжып, бір-біріне жыл сайын жақындап келеді. Екеуінің бүгіндегі арақашықтығы 83 шақырым-ақ. Теңіз толықтай құрғап бірігетін болса, Сахара, Гоби, Такламакан секілді ұшқан құстың қанатын күйдіретін шөлге айналады.

Жалпы құны 85,8 миллион АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» САРАТС-1 ірі ұлттық жобаның бірінші кезеңі іске асырылды. «Ақлақ» су торабы құрылысы, «Көкарал» су реттегіш тоспасы және 13 шақырымдық «Көкарал» бөгеті, «Әйтек» құрылыс кешені, өзен бойындағы қорғаныс бөгеттері салынды. «Қазалы», «Қызылорда» су тораптарында, «Шардара», «Арнасай» су тоспаларында күрделі жөндеу жұмыстары іске асты.

САРАТС-2 жобасын тезірек қолға алу керек. САРАТС-1 жобасы бойынша «Көкарал» (2006 жылы пайдалануға берілді. Содан бері 18 жыл өтіпті) бөгеті 39,90 метрден 42 деңгейге (метр) көтерілген болатын. САРАТС-2 жобасы бойынша 48 деңгейге көтеру керек, яғни 6 метрге және 13 шақырымдық бөгетті күрделі жөндеуден өткізу керек. Бұл жоба аясында көлдер жүйесін қалпына келтіру, «Ақлақта» су электр станциясын салу, Арал суын қалаға жеткізу үшін «Аманөткел-Саршығанақ» каналын бітіру керек», — деп есептейді Әлібек Сабырбаев.

Кейіпкердің айтуынша, ең маңыздысы – Өзбекстан мен Қазақстан үкіметінің келісімімен, Айдаркөл суын (44,3 км3) «Шардара» су қоймасына насостар арқылы жеткізуді тез арада шешу. Насос қоятын жерді Өзбекстан су мамандарымен келісе отырып, Айдаркөлден қанша су алынатынын, екі тараптың мамандары бір шешімге келіп, қанша насос керегін есептеп, жоспарын бекіту маңызды. Жетісай мен Мақтаарал аудандарының ауылшаруашылық дақылдарына «Достық» каналы арқылы алынатын су көлемін есепке алу да өз нәтижесін береді.

«Арал теңізі жағалаудан 100-150 шақырым қашықтап кетті, деңгейі 13 метрге төмендеді, 1962 жылы Аралдың көлемі 66 мың шаршы шақырым болған. Бір деректе Кіші Аралдың көлемі 27 мың шаршы шақырым болса, бүгінгі күні оның 10 шаршы шақырымы қайтып кеткені айтылады. Жағалауын құм көшкіндерінен қорғап тұрған 800 мың гектардан астам тоғай жойылып кетті. Арал маңындағы Қарақұмның тұсынан Аққұм деп аталатын тұзды, сортаңды қауіпті аймақ пайда болды. Оның ауданы күн сайын ұлғаюда. Аққұмнан ұшқан қиыршық құм мен тұз берісі Торғай, Павлодар, Көкшетау облыстарына жетсе, арысы Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін барған. Дарияның суы барынша ластанып біткен, оның жағасындағы қалалардың өнеркәсіп орындары өзі пайдаланған лас суын өзен арнасына ағызады. Бұған қосымша мақта, күріш егісіне пайдаланылған тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдығы да қашыртқы сулармен Сырдарияға келіп қосылады. Кейбір жылдары судың жарамсыздығынан дарияда өлген балық ағып жататын болды», — деп сөзін жалғады инженер-гидротехник.

Сондай-ақ, Әлібек Сабырбаев Арал теңізінің тартылуының басты себептерін атап, Үкіметтің Кіші Арал проблемаларын кешенді түрде шешетін жұмыстарына да тоқталып өтті.

Оқылып жатыр

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

Алдағы күндері күн күрт суытады

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.