Шымкент. 23 шілде. BM.KZ — Ыстықкөл жағалауында өткен «Мейкин Азия» халықаралық музыкалық фестивалінің қорытындысында Қазақстанның танымал әншісі, композиторы Димаш Құдайбергенге Қырғыз Республикасының «Халық артисі» атағымен марапатталды.
Құрметті атақты Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.
«Бұл марапат өнер иесінің Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді», — дейді Қырғыз Республикасы Президентінің ресми сайтында.
Атақты беру туралы Жарлыққа Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Айта кетейік, «Мейкин Азия» фестивалі Орталық Азия елдерінің өнерпаздарын біріктіретін ірі мәдени шара.
