«Құмарлық — нәпсі құлы» деп бір ақ сөзбен адам баласының қанша жерден даңдайсынып әрі өр-көкірегін танытып және мақтаныш сезімін білдіріп жатқандығын һәм тек өзіне ғана зиян келтіріп осынау дүниеде тал бесіктен жер бесікке шейін шынайы жауы болуымен қатар әлсіз әрі тойымсыз жерін айтып кеткен еді дана Абай. Қазіргі уақытта әрқайсымыздан өміріндегі қарсыласын һәм жақтырмайтын жан бар ма десе, ойымызға әлбетте жүрегімізге сызат түсіріп, көңілімізді түсірген және де жолымызды бөгеп тосқауыл қойған пенделерді тізбектеуге әзірміз бірақ шын мәнісінде ата жауымыз атанған жарқын да бақытты болашағымызды бір-ақ сәтте жойып жібере алатын тек қара топыраққа ғана тоя алатын нәпсі жайлы сөз қозғақмақпын.
Нәпсі жайлы өте көрікті нақыл сөз бар «Һәм нәпсі жаратылыс асау ат секілді оны берік әрі нық түрде үйрете алмасын сорың болмақ ал егер де күш жігерінді жинай біле нәпсінді тізбектей алсын бағын болмақ!» деген екен. Осыған орай адам баласы іштей өзіне өмірлік сұрағың қою білуі тиіс «Мен кіммін? Хайуанмын ба жоқ әлде есі дұрыс адаммын ба?!», байқап қарасақ нәпсісіне ерік тізбегін беріп оның айтқанына ерген жандардың өмірлері бақытсыз да жан тыныштығынан һәм арсыздықпен хайуани күйге түспек ал оның соңы тек қайғылы жайға әкелмек. Өмір шыңына жете білген еңбекқор да ұлы тұлғалардың үлкен белестерге қалай жеткендігін зерттеп қарасақ қайсыбірінің жауабы «қу жанның аямай тер төгіп, алға қарай қойған мақсатқа еңбек ету арқылы ғана адам баласының есіне кірмеген үлкен белестерге жетуге әрқашанда болады» яки «мен ешқашанда дарындылыққа сенбеймін себебі ол біздің табиғатта жоқ нәрсе үлкенді кішілі жетістіктерге тек күн мен түн демей аянбай еңбек етіп өзіңді жетілдіру арқылы ғана болмақ» мінекей есімдері тарих сахнасында алтын әріппен һәм рухы биік жүрегі таза бола білген адамдардың жетістіктері мен істері бірнеше өскелең ұрпаққа ұмытылмас жігер бермек. Әрине әрбір адамның өз шешімі бар әйткеніменде барлығымыздың ішімізде кері тартпақ даңғаза да тойымсыз нәпсі бар. Cөзімді аяқтай келе баршымызға берілген құралды яғни нәпсіні жалған дүниеде абыройлы да өскелең ұрпаққа мұра ретінде қала білетін игі іске жұмсай білуімізге немесе теріс пиғылды, арсыз да түкке тұрғысыз істерге уақыттымызды сарп құлуға ерік күші мен санаулы уақыт берілгендігін есімізден шығармайық!
Көшербай Ануар