Енді банк алдында төленбеген қарызы бар қазақстандықтарға шетелге шығуға шектеу қойылмайды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Тек ол үшін белгілі бір шарттарды орындау керек. Мемлекеттік кірістер комитеті осындай ақпарат таратты. Бұған жуырда күшіне енген несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу бойынша заңға енгізілген өзгерістер мүмкіндік берді. Енді жаңа талаптарының ерекшеліктеріне тоқталайын. Бұдан былай бірнеше ай кешіктірілген қарызы бар адамның жеке мүлкі болмаса да, төлем қабілетін қалпына келтіруге болады. Ол үшін тұрақты табысы болса жеткілікті. Қарызды қайтаратын қауқары бар екенін дәлелдесе, шетелге емін-еркін шыға алады.