1 наурызда азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 наурызда жергілікті атқарушы органдары әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов хабарлады.
«2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, Шекара қызметіне 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 астам, мемлекеттік күзет қызметіне 300 жуық адам қабылданады», — деді спикер.
@ortcom_kz #CCS