Биыл 8 наурызда әйелдерге 34 мың теңгеден береді
Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», — делінген хабарламада.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.