Павлодар облысында 100-ге жуық салт-дәстүр қайта жаңғыртылмақ
Наурыз мейрамына орай Павлодар облысында 2 мыңға жуық іс-шара өтеді деп күтілуде. Оның ішінде «Ұлы даланың Ұлы есімдері» ғылыми-практикалық конференциясы, «Ұршық fest» фестивалі, «Алтын шаңырақ» мерекелік іс-шарасы, «Тақиялы қыз — трендте» атты тақия тігу бойынша байқау, «Киелі кимешек» көрмесі және т.б. Биыл салт-дәстүрге ерекше көңіл бөлінбек.
«14-23 наурыз аралығында Әрбір елді мекенде қазақтың бір салт-дәстүрін жаңғыртып, оны оқушылардан бастап үлкен азаматтарға, зейнеткерлерге дейін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осы онкүндік аясында 100-ге жуық салт-дәстүрді қайта жаңғыртылмақ. Өңір бойынша 250 жуық киіз үй тігіледі. Наурыз мерекесіне орай эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салады», — деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.