- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Рухани байлық азығы Қазіргі уақытта адам баласы материалдық жағынан еш қиындық көріп жатқан десем артық емес бірақта, рухани байлық жағынан азып бара жатқан заман орын алып бара жатыр, себебі құндылықтармыз тек осы материалдық тұрғыдан алынатын ғана халге жеттік, кімнің ғаламторда желісіндегі суретінде мыңдаған лайк пенен комментариясы көп болса яки қалтасындағы ақшасы мен астындағы көлігі қымбат болса немесе лауызымы жоғары болса сонымен ғана өлшенетін жағдайдағада жетіп тұрмыз. Бірақ та, бұл өмірдің бақыт кілті емес, адам баласы қанша жерден бай болсын, патша менен атағы дүркіреп тұрсын ішіндегі жан дүниесі бос әрі тынышсыз күй кешеді. Әлбетте, әр адам, өз өмірін қандай жолмен өтетіндігін…
Қазақ халықының қалыптасуы мен іргетасының қаланып оның әрмен қарай дамып, өрбеуіне мол септігін тигізе білген һәм әрбір ұрпақтың жүрек түбіндегі адамгершілік пен рухани байлықтың көзін аша білген және де ұлт санасының бастауы болған махаббаты шексіз әрі мейрімге толы ата-әжелеріміздің институты болмақ. Оған дәлел ретінде еліміздің жарқын болашағы үшін бар күш-жігерлерін халық мүддесіне деп күн мен түн демей ереңбей еңбек қылып, сұрқия да сұм жауға қарсы тұрып жандарын қиған кешегі ел азаматтардың көкірек оятар алғашқы мектебі осы ата-әже болғанды. Қазақтың Гомері атанган ақын Мұқағали: «Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да, Айтысың да басылмас, ылаңың да. Араздасып ағайын кетер еді, Бір қария болмаса…
Мәжілістің жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов заң жобасы бойынша бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. «Осы заңның аясында 429-бапқа қатысты ұсыныс беріп отырмыз. Өзіңіз білетіндей, бұл бапты «қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерімен және оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамдарға күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу» дейді. Бұл қалай? Сонда біз Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап отырмыз, ал екінші бабымен қорғап отырмыз. Бұл неге жол ашып отыр? Мекеме әкімшілігімен келісімге барып алып, басқа сотталушыларға зорлық-зомбылық көрсетіп отырған фактілер жетерлік. Осы орайда, біз «сондай-ақ сотталған…
Бір жеңіл көліктің бағасына әскери әуе көлігін сатып алуға болады. «Қазарнаулыэкспорт» (Казспецэкспорт) Электрондық сауда алаңында есептен шығарылған әскери және басқа техникаларын саудаға қойды. Айтпақшы, бірқатар ақпарат құралдары «Қорғаныс министрлігі қару-жарақтарын сатуда» деп шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып жүр. Шынында, Қорғаныс министрлігінің ондай құзыры жоқ. Әскери мүліктерді «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып жатыр, ал ол азаматтық шенділерге – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетіне бағынады. Компанияның сайтында жазылғандай, оны «ҚР Үкіметі Қарулы күштерді, басқа әскерлерді және жауынгерлік құралымдарды қамтамасыз ету мақсатында құрды және кәсіпорын қару-жарақ пен әскери техника, сонымен қатар әскери мүлік импорты мен экспорты бағыттарында жұмыс жасайды». Сонымен, саудаланатын техникалар әскери…
Қытай ауа-райын басқару технологияларын дамытып жатыр. Соның аясында бұлттарға әсер етіп, жасанды түрде жаңбыр мен қар жауғызу, жауын-шашынның түсуін реттеу және басқа аса ірі жобалары бар. Халықаралық ақпарат құралдары осы мақсатта Қытай аэроғарыш ғылымы мен техникасы корпорациясы әзірлеген әскери технологияларды да қолданылатынын жазды. 2013 жылдан бері бұл ел жыл сайын кем дегенде 55 миллиард тоннадан астам жасанды жаңбыр жауғызады. Hi-news порталының дерегінше, Қытай Тибет шыңдарында ондаған мың өртеу камераларын орнатуда. Камераларда қатты отын, көмір жағылады екен, бұл атмосфераға күміс йодидінің лақтырылуына соқтырады. Йодид ауадағы су молекулалары үшін конденсат есебінде әрекет етеді және оларды айналасына жинап, әбден ауырлаған соң жаңбыр түрінде…
Төрткүл дүние ерекше бағалап, әлемнің құшағына сыйған қасиетті домбыра отандық компаниялардың ұшағына сыймай қойды. Бұған дейін көптеген өнерпаз әлеуметтік желі арқылы ұлттық аспапты ұшаққа өткізбей жатқанына шамданған еді. Жуырда марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жан жары, әнші Мақпал Жүнісова да осындай жағдайға тап болды, деп жазады Ulysmedia.kz тілшісі. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Жасанды интеллектен жасырыну қиын — ЖИ алименттен жалтарғанды тауып берді Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанай мен Қарағандыдағы концертіне ұшар кезде домбырасын қолжүгі ретінде алып кіруге рұқсат ала алмағанын әлеуметтік желіде жариялады. Бұған дейін айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай да домбырасын ұшаққа кіргізе алмай, жан айқайын жеткізген еді. Ал әуе компанияларының өз талабы бар. Белгілі…
Қызылордада 40 жыл жөндеу көрмеген жол жөнделуде Қызылорда облысында республикалық автожолдың қайта жөнделуі қалпына келтірілді.»Республикалық маңызы бар Қызылорда — Жезқазған автожолының жалпы ұзындығы 412 км құрайды. Оның 204 шақырымы Қызылорда облысына жатады, ал 208 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Осы автожолдың соңғы құрылыс жұмыстары 40 жыл бұрын жүргізілген «, — деп хабарлады ҚазАвтоЖол.Қызылорда облысы бойынша жобаны толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған. Жаңа асфальт-бетон төсемі бойынша екі жолақты автожолда қозғалыс ашу, су өткізу құбырлары мен мал айдау жолдарын орнату көзделген. Ұлытау облысындағы Қызылорда-Жезқазған жолының учаскесін қайта жаңарту жұмыстары екінші жарты жылдықта басталады.
ДДСҰ: Газа аймағындағы жағдай апаттық деңгейге жетті. Үздіксіз жалғасқан ұрыс қимылдары салдарынан халықты азық-түлікпен, медицинамен қамтамасыз етудің қиындығы артуда. Жараланғандардың басым бөлігі мүгедек болып қалу қаупі бар. Ал халық ішінде түрлі ауру тарауда. Босқындар бір аймаққа шоғырланғандықтан түрлі індет жұғу фактісі артқан. Жақын аралықта Газада індеттен көз жұматындар саны соғыста көз жұмғандардан еселеп көп болуы мүмкін. Біз дереу арада ұрыс қимылдарын тоқтатып, тараптарды атысты тоқтатуға шақырамыз. Гуманитарлық дәліз ашуды сұрап отырмыз.
Жапония үкіметі елде қауіпті бактерияның тарауына байланысты дабыл қағуда. Токио жыл басынан бері 400 адамнан стрептококкты токсикалық шок синдромы немесе STSS-тің анықталғанын айтуда. Аталмыш бактериялық инфекция қауіпті саналады және 30 пайыз жағдайды өліммен аяқталады. Жапония билігі аурудың жылдам таралу себебін зерттеуде. NIID жазуынша 2023 жылы Жапонияда 941 адамнан осы індет анықталған. Індет белгілері тұмауға ұқсас. О баста жөтел, қызу пайда болады. Асқынған сәтте өкпе демікпесі пайда болып, тыныс алу қиындайды. Токио індеттің өзге елдерге тарау қаупі барын айтты.
Қоғам белсендісі Елтаңба ауыстыру бюджетке қанша шығын әкелетінін есептеп шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың айтуынша, Елтаңбаны ауыстыру үшін бюджетке жалпы сомасы 10 млрд теңгеден астам шығын келуі мүмкін. «Мен қазір облыстық емхана ғимаратының алдында тұрмын. Оның жақтауында біздің Елтаңба тұр. Қазақстанның Елтаңбасы. Өте әдемі. Жақтауға жабысып тұрған, диаметрі 50 сантиметрлік Елтаңбаның біреуі 70 мың теңге тұрады. Одан үлкенірек, мемлекеттік органдарға ілінетін диаметрі 1 метрлік Елтаңба шамамен 140 мың теңге тұрады. Мемлекеттік мекемелердегі, орталық және жергілікті атқарушы органдардағы біздің шенеуніктердің кабинеттеріндегі, одан бөлек дәл осындай бюджеттік мекемелердің ғимараттарындағы Елтаңбаларды ауыстыру үшін бір жылдың өзінде 7-8 млрд теңге жұмсаймыз. Одан…