Қызылордада 40 жыл жөндеу көрмеген жол жөнделуде
Қызылорда облысында республикалық автожолдың қайта жөнделуі қалпына келтірілді.»Республикалық маңызы бар Қызылорда — Жезқазған автожолының жалпы ұзындығы 412 км құрайды. Оның 204 шақырымы Қызылорда облысына жатады, ал 208 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Осы автожолдың соңғы құрылыс жұмыстары 40 жыл бұрын жүргізілген «, — деп хабарлады ҚазАвтоЖол.Қызылорда облысы бойынша жобаны толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған. Жаңа асфальт-бетон төсемі бойынша екі жолақты автожолда қозғалыс ашу, су өткізу құбырлары мен мал айдау жолдарын орнату көзделген. Ұлытау облысындағы Қызылорда-Жезқазған жолының учаскесін қайта жаңарту жұмыстары екінші жарты жылдықта басталады.