Автор: asylbek

Президент Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдады «Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет», — деді президент. Тоқаевтың айтуынша, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды.

Толығырақ

Құрылтайда Қ.Тоқаев қазақ тілін дамыту барысына тоқталып өтті. Президенттің айтуынша, «Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында» баса айтты.

Толығырақ

Президент Қ.Тоқаев Құрылтайда елдегі ескерткіштер мәселесіне тоқтала отырып: «Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды»,-деді.

Толығырақ

Өткенді орынсыз қазбалай бермей, болашаққа бағдар беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Құрылтайда айтты. «Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды қуады» деп бекер айтпаған. Өткен іс өтті, енді оны ешкім өзгерте алмайды. Уақыт ең әділ төреші екенін ұмытпайық. Бізге бітпейтін дау-дамай емес, мызғымас ынтымақ пен бірлік керек. Қазіргі тарихи кезеңде халқымыздың сөзі де, ісі де – бір болуы қажет. Сондықтан зиялы қауым, ең алдымен, еліміздің бірлігін нығайтуға баса назар аударғаны жөн. Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ,…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер жайлы мәселені көтеріп, азаматтардың пікірі ескерусіз қалмауы керегін айтты. «Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, — деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ

Қазақстанда жыл басынан бері 351 адам көкжөтелмен ауырған. Негізінен егілмеген балалар (320 бала) ауырып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті “Власть” сайтына жіберген ресми жауабында осындай мәлімет келтірген. Ресми мәлімет бойынша, былтыр көкжөтелмен ауырған шамамен 400 адам тіркелген. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 ғана болған. Көкжөтел – жұқпалы тыныс ауруы. Оған шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, тұмауратады, жөтеле бастайды. Мамандар екі жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті екенін айтады. Оған қарсы екпе тиімділігі – 85-100 пайыз.

Толығырақ

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында 15 наурыз қайырымдылық, мейірімділік және татулық тақырыбына арналған. Бүгінде өңірлерде кәсіпкерлік субъектілерінің, меценаттардың, еріктілер мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 1000-нан астам қайырымдылық акциясы жоспарланған. Мәселен, Астанадағы Нұржол бульварында «KMG_Volunteers» волонтерлері коммуналдық қызметкерлерді ыстық шаймен және тамақпен қамтамасыз етті, содан кейін аумақты тазалауға көмектесті. AITU Volunteers Астана IT университеті волонтерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жіп арқылы картина жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Бұл іс-шарадан Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері де қалыс қалмай, елордадағы халықтың әлеуметтік осал топтары мен тыл еңбеккерлері үшін 100-ден астам азық-түлік пакетін дайындады. Акцияға департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдар қатысты. ҚР…

Толығырақ

2023 жылы қазақстандықтар 960 млрд астам теңгені шетелге аударды Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,33 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 26% -ға төмен, деп хабарлады Ұлттық банк. Бұл соманың 72% -ы шетелге жөнелтілген аударымдар болды, олардың көлемі 2023 жылы 961,4 млрд теңгеге жетті. Қазақстаннан шетелге бір аударымның орташа сомасы 372,2 мың теңгені құрады. Қазақстаннан жіберілген ақшалар: ▪ Өзбекстан (27,5%); ▪ Ресей (25,1%); ▪ Түркия (23,1%); ▪ Грузияға (9,6%); ▪ Қырғызстан (3,4%). Сонымен қатар, қазақстандықтар шетелден 305,8 млрд теңге сомаға ақша аударымдарын алды. Шетелден Қазақстанға бір аударымның орташа сомасы — 282,3 мың теңге. Қазақстанға …

Толығырақ

 Астанада криптобиржадан 7 миллиард теңге заңсыз пайда тапқандар бас бостандығынан айырылды Елорданың екі тұрғыны халықаралық қаржы орталығына тіркелмей, лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Алаяқтар Binance платформасында екі жыл бойы заңсыз USDT-ны айырбастап, пайда тапқан. Олар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Біреуі үш жыл, екіншісі екі жыл алты айға сотталды. Енді олардың жеті жыл бойы цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Толығырақ

Былтыр тамыз айында ер адам кәмелетке толмаған қызымен Атырау-Ақтөбе бағытында қатынайтын пойызға билет сатып алған. Пойызға мінгеннен кейін ол шаң, кірді көрген және краннан тот басқан су ағып жатқанына ашуланған. Жолаушылар вагон бригадирінен орын ауыстыруды сұраған. Алайда ол өтінішті орындаудан бас тартқан. Сөйтіп ер адам көлік полициясының қызметкерлеріне жүгінген. Олар келіп санитария талаптары бұзылғанын байқап, фото және видеоға түсіріп әкеткен. Нәтижесінде жолаушы сотқа жүгініп, билеттердің құнын қайтаруды және моральдық шығынды өтеуді талап еткен. “Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының биыл 12 наурыздағы шешімімен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамынан екі жолаушының әрқайсысына 50 мың теңгеден моральдық шығын және 200 мың…

Толығырақ