Былтыр тамыз айында ер адам кәмелетке толмаған қызымен Атырау-Ақтөбе бағытында қатынайтын пойызға билет сатып алған. Пойызға мінгеннен кейін ол шаң, кірді көрген және краннан тот басқан су ағып жатқанына ашуланған. Жолаушылар вагон бригадирінен орын ауыстыруды сұраған. Алайда ол өтінішті орындаудан бас тартқан.
Сөйтіп ер адам көлік полициясының қызметкерлеріне жүгінген.
Олар келіп санитария талаптары бұзылғанын байқап, фото және видеоға түсіріп әкеткен. Нәтижесінде жолаушы сотқа жүгініп, билеттердің құнын қайтаруды және моральдық шығынды өтеуді талап еткен.
“Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының биыл 12 наурыздағы шешімімен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамынан екі жолаушының әрқайсысына 50 мың теңгеден моральдық шығын және 200 мың теңге өкілдік шығыс өндірілді”, – делінген хабарламада.