Автор: asylbek

Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз Рамазан айының басталуы, оразаның пайдасы мен оны бұзатын әрекеттер туралы толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз. Мұсылман күнтізбесіндегі қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Оның ерекшелігі сол – мұсылмандар бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан айында мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады. Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық, сабырлық пен кешірімділік айы. Ораза қашан басталады 2024 жылы ораза 11 наурызда басталады. Яғни мұсылмандар 11 наурызға қараған түні сәресіне тұрып, ауыз бекітеді. Ал 9 сәуір – Рамазан айының соңғы күні. 2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі © Sputnik Барша…

Толығырақ

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгерген күні қанша сәби дүниеге келді? 29 ақпанда сағат он екіге дейін 803 сәби дүниеге келген. Екі егіз, 392 ұл және 411 қыз. Көш басында Түркістан облысы — 118 бала. Алматы қаласында 81, ал елордада 79 сәби дүниеге келді. Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі

Толығырақ

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттарға кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Құжатты Парламент депутаттары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатымен әзірледі. Ұсынылып отырған нормалар азаматтардың шамадан тыс несиесін төмендетуге, қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға, азаматтардың банкроттық рәсімге қол жеткізуін жеңілдетуге, сондай-ақ кредит беру кезінде алаяқтық әрекеттерді азайтуға бағытталған. Депутаттар алдағы жалпы отырыста «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулермен талқылайтын болады.…

Толығырақ

Екі елдің еңбек және халықты қорғау министрліктері бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Қазақстанды Employment Permit System жүйесіне қосу мәселесін талқылады АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Алдағы уақытта қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бірақ ол жаққа жұмыс визасымен бару үшін сынақ тапсыруға тура келеді. Sputnik Қазақстан Кореяға заңды түрде шығу тәртібін ұсынады. Қазақстан кәріс жүйесіне қосылады Бұған дейін екі елдің еңбек және халықты қорғау министрліктері бірнеше рет келіссөз жүргізіп, Қазақстанды Employment Permit System (Кореяның жұмысқа рұқсат беру жүйесі — Sputnik) жүйесіне қосу мәселесін талқылады. Осы жүйе Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауға және жұмыста барлығымен бірдей жағдай жасауға мүмкіндік…

Толығырақ

Керқұлан қазақ жеріне оралады Прежевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру шаралары қолға алынды. 2 маусымда Чехияның екі әскери ұшағы 8 жабайы жылқыны Арқалыққа алып келеді. Оларды Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватына жібереді. 1960 жылдардың аяғында керқұландар мүлдем жойылып кеткен. Бірақ ғалымдар жабайы жылқының түрін сақтап қалды. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалардың арқасында Еуропадағы зообақтарда Прежевальский жылқысының популяциясы қалпына келді. Дереккөз: экология және табиғи ресурстар министрлігі

Толығырақ

Елімізде жерлеу және зираттарға күтім жасау ережелері өзгерді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіміне сәйкес, елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бірақ сонда қайтыс болған адамды жерлеу үшін кемінде 6 шаршы метр жер телімі тегін бөлінуі тиіс. Ережеге сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның әкімдігінің зираттарға қатысты міндеттері белгіленді: Бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алу және деректерін жинақтау; Жерлеу, зираттарды күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету туралы шарттардың сақталуын бақылау; Жергiлiктi атқарушы органның сайтында және мемлекеттiк кадастрлық картада бос жатқан зират учаскелерi туралы өзектi ақпаратты орналастыру. Сондай-ақ қай кезде мәйітті қайта жерлеуге болатыны айтылды:…

Толығырақ

Астанада жыл сайынғы «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы өтті «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиосында» Алғыс айту күніне арналған дәстүрлі «Мың алғыс» қайырымдылық кеші өтті. Жоба мұқтаж жандарға көмектесуге, түрлі мәселелерді шешуге жұртшылықтың назарын аударуға, қайырымдылықты насихаттауға бағытталған. 2024 жылғы шараның басты кейіпкерлерінің бірі – Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек Савельев. Өткен жылдың желтоқсанында елге келген ол, Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарында қонақ болды. Жәнібекке қатысты жүргізілген зертту жұмыстары нәтижесінде 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы табылды. Ал Жәнібектің өз анасына қатысты іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жәнібектің анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанымен, бұл оқиғалар оған үміт…

Толығырақ

1 наурызда азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 1 наурызда жергілікті атқарушы органдары әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов хабарлады. «2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6…

Толығырақ

Қазақстанда 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілді Жеке тұлғалардан 86 мың өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі мақұлданбаған. Себебі, бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған. Банкпен несие рәсімдеген құжатын да жоғалтып сергелдеңге түскендері бар. Ал енді не өзінде, не отбасы мүшелерінде тіркеуде мүлкі барларының өтініші мақұлданбаған. «9871 қазақстандықтың несиесі кешірілді. Соның ішінде, 944 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл азаматтардың енді қаржы сауатын арттыру үшін жұмыс істейміз», – деді мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов. ДЕРЕККӨЗ: qaz365kz

Толығырақ

Жалған ғылыми теорияларды қалай ажыратуға болады: басты 5 белгісі Ғылым мен жалған ғылымның арасындағы күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің дамуымен қатар ол да жаңа кезеңнен өтуде. Интернетте псевдоғылыми мақалалар, фильмдер, посттар мен оқырмандар сенетін мәлімдемелер көп. Ғылыми теориялардың жалған екендігін анықтауға мүмкіндік беретін белгілер бар. Stopfake.kz олардың ең негізгілерін атап өтеді. 1. Авторлар мен дереккөздер Псевдоғылыми теорияларды жақтаушылар көп жағдайда дереккөзді мүлдем көрсетпейді немесе ғылымға еш қатысы жоқ «сарапшылардың» сөзіне сілтеме жасайды. Бұл жай фриктер немесе атаулары күрделі белгісіз институттардың «академиктері» болуы мүмкін. Мүлдем басқа сала бойынша білім алған доктор да мәлімдеме авторы болады. Вирустардың таралуы туралы…

Толығырақ