- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
- Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті
- 2025 жылы инфляция төмендей ме – Ұлттық банк болжамы
- 2025 жылы ұлттық фильмдерді дамытуға қанша теңге бөлінетіні белгілі болды
- Түркістан облысында 203 млн теңге субсидия қаржысы жымқырылды
- Қостанай облысында 184 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- Ұлытау облысында қанша үйді су басты?
Автор: asylbek
«Теңізшевройл» консорциумының «Келешек кеңейту жобасының» шығындары 50 миллиард долларға жуықтады. «Өнім бөлісу келісімі» аясында соның бәрін Қазақстанға өз мұнайымен өтеуге тура келеді. Бұрынғы билік тұсында Қазақстанның №1 шетелдік инвесторы деп дәріптелген «ТШО-ға» қатысты мемлекеттің көңілтолмастығы күшейе бастады. Біріншіден, Экология және табиғи ресуртар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, компания экологиялық талаптарды бұзып отыр. Мысалы, 2023 жылдың қорытындысында, алдыңғы 2022 жылмен салыстырғанда ауаға зиянды шығарындылардың 3,3%-ға және далаға төгінділердің 8%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Залалды шығарындылар лимитінің ең үлкен төмендеуі бойынша «Қашаған» кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company N.V көшбасшы атанды: жылына 12,4 мың тоннаға, 34%-ға азайтқан. Тіпті ArcelorMittal Temirtau-дың өзі –…
Мамандар істен шығатын ұңғымалар, «станок-качалкалар» саны алда мыңға жуықтауы мүмкін екенін ескертеді. Республикада қазірдің өзінде 600-ден астам мұнай өндіретін ұңғыма су астында қалып, жұмысын тоқтатқан. Бұл сан алда артуы мүмкін, өйткені еліміздің батыс өңірлерінде тасқын әзірге шырқау шегіне жеткен жоқ. Ресей жағы бөген-плотиналарынан суды мол көлемде төгіп, төмен қарай жібере бастады. Ресей субъектілерінде қар мен қалың тоңның негізгі бөлігі сәуірдің соңына қарай көбірек ериді. Энергетика министрлігі су басу жағдайы күрделі өңірлерде кем дегенде 634 ұңғыманың тоқтауы салдарынан Қазақстан мұнай өндірісінің 16 мың тоннасын жоғалтқанын жария етті. «Тасқын салдарынан елімізде, соның ішінде Ақтөбе және Атырау облыстарының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарда бұған…
Қант бағасы қалай құбылады? Алдағы уақытта қант бағасы қалай құбылуы мүмкін? Елімізде тапшылық болмай ма? Ішкі нарықта қант өндірісі қалай дамып жатыр? Осы тақырып төңірегінде inbusiness.kz сайтының тілшісі шолу жасады. Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасының дерегінше, бір апта ішінде республикамызда қант күрт қымбаттаған. Атап айтқанда, 26 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін оның бағасы 1,4 пайызға өскен. Сарапшылар соңғы рет мұндай жоғары өсім 2022 жылғы тамыз айының басында болғанын жазады. «2022 жыл тапшылық болғаны белгілі. Көктемде Ресей қант экспортына 6 айға тыйым салды. Ресей импортына қатты тәуелді Қазақстанда баға шарықтады. Соңғы кезде Ресей елімізге қант экспорты бойынша ешқандай тыйым салған жоқ. Осыны ескеретін болсақ,…
Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. Щучье қаласында 65 жастағы әже асырап алған екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді. Полиция әжені ұстағанын растады. Тергеушілердің айтуынша, зейнеткер бүлдіршінді өлтіріп, кейін үйінің ауласына көмген. Сондай-ақ, оның қамқорлығында тағы төрт бала болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап. Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақаты, басының артқы жағындағы гематома диагнозы қойылған әрі миы шайқалған. Асырап алғушы асығыстықпен туу туралы куәлікті араластырып алған болуы мүмкін. Содан полиция күдіктінің отбасына баруды ұйғарды. Дәл сол кезде туу туралы куәліктің иесі 4 жыл бұрын көз жұмғанын анықтаған.…
Осы күнге дейін жобаға 4,8 миллиард теңге шығындалыпты. Бұрынғы биліктің туристік «мега-жобасына» иелік етуге бірде бір инвестор қызықпады. «Қар-Алма» – Жамбыл облысындағы тұңғыш тау-шаңғы кешені және Шымбұлаққа балама-бәсеке болатыны біраз жыл жыр етілді. Жамбыл облысының әкімдігі бертінге, 2023 жылға дейін «Қар-Алманы» жергілікті қысқы туризмнің ірі жобасы ретінде дәріптеп келді. «Шаңғы мен коньки тебу сияқты қысқы спорт түрлері Жамбыл өңірінде ешқашан танымал болған емес. Өйткені өңірде қыс жылы, көбіне қар жабынғысы да болмайды. Алайда дәл Жуалы ауданы «жамбылдық Сібір» деп аталады: соның аумағында қыс қытымыр, қар да қалың түседі. Бұрынғы жылдары өңірде жуалылық оқушылар қыста шаңғы тебетін. Енді табиғаты тұмса, жері…
Президент автоиндустрияны дамыту Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Зауыт 2025 жылы Қостанайда салынады. Жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мың автомобиль шығаруға есептелген. Оның ішінде 50 мың автомобиль ұсақ бөлшектерден құрастыру әдісімен өндіріледі, яғни жергілікті өнім үлесі барынша жоғары болады. Сонымен қатар Хо-сунг Сонг автомобильдің қосалқы бөлшектерін жаһандық деңгейде өндірушілерді Қазақстанға тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, елімізде автокөліктің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт салу жөнінде…
«Қазсушар» мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалы Жайық өзеніарқылы келетін тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін қосымша 14,5шақырым канал қазып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлеміназайтуға мүмкіндік береді.Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшімсуару-суландыру жүйесінен Қамыс-Самар көлдеріне су жібере бастады. Айтакету керек, бұл көлдерге соңғы 20 жылда су бармаған.2000 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде судың көп келгені байқалды.Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізудіқамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдарменсалыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақуақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етеалады.Астана су қоймасына жиналған су жыл бойы елорда тұрғындарын…
Теміржол саласын дамыту бағдарламасын әзірлеу аясында Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен тыңдау өтті Жиын барысында «Цифрландыру» бөлімі қаралып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері теміржол саласында енгізіліп жатқан жүйелерді көрсетті. Атап айтқанда, Trip Optimizer сияқты бағдарламалар тасымалдау процесінің тиімділігін жақсартады және отын ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Ал «ҚТЖ Cargo» бағдарламасы клиенттерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ақпаратқа бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз ету және жүйенің жұмысын оңтайландыру үшін желілік инфрақұрылымды жаңғырту және орталықтандырылған деректер қоймасын құру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жасанды интеллекті енгізу алдағы жылдары аталған саланы…
Телекөпірге Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және СолтүстікҚазақстан облыстарындағы елді мекендер мен инфрақұрылымнысандарын су тасқынынан қорғау жұмыстарына тартылғансарбаздар, сержанттар мен офицерлер қатысты.Бүгінде су тасқынына қарсы іс-шараларға Қарулы күштердің»Оңтүстік», «Астана», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарыәскери бөлімдерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, аумақтыққорғаныс бригадаларының, РХБҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілеріжәне әскери инженерлер қатысуда.Табандылық әрі моральдық күш-жігерді қажет ететін мұндайсындарлы жағдайға алғаш тап болған сарбаздар үшін министрдіңүндеуі маңызды болды.– Биыл еліміздің көптеген өңірлері табиғи апаттан зардап шекті.Алғашқы күннен бастап қарулы күштер тобы төтенше жағдайдыңсалдарын жоюға белсенді қатысып келеді. Іс-шараларға ұшқыштар,инженерлер, саперлер, дәрігерлер, РХБҚ әскери қызметшілері жәнебасқа да мамандар жұмылдырылған, – деді генерал-полковник РусланЖақсылықов.Ол сондай-ақ, өткен жылы әскери қызметшілер ТЖМ және…
Тулуза қаласында (Франция) ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EURNAT-DGCA) азаматтық авиация бас директорларының кеңесі өтті. Қазақстан тарапынан ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду және Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов қатысты. Кеңесте өңірдегі азаматтық авиацияны дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде кадрларды даярлау, тұрақты даму, үйлестіру мен ынтымақтастықты нығайту, гендерлік теңдік, халықаралық шарттарды ратификациялау және т.б. мәселелер талқыланды. Отырыс барысында қазақстандық…