Автор: asylbek

Прокуратура Әлия Назарбаеваға қарсы «сотқа дейінгі тергеу жүргізуден бас тарту туралы” шешімнің күшін жойды. Тұңғыш президенттің кенже қызы рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталған қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілді. «Біздің компания «Әлем ЛТД» ЖШС есепшотына қаржылай көмек түрінде қаражат аударды. Бұл Luxor кешенінің (Wellness Club Luxor фитнес-орталығы) ішінара біздің қаражат есебінен салынғанын көрсетеді, оның мердігері Қайрат Оразбеков басқаратын «Элитстрой» компаниясы болды. Біз осы кешенді бізге беруді талап етеміз. Оны риэлторлар айтқандай 25 миллион долларға сатамыз», – деді бизнесмен Бимурзин. Бизнесмен қаражаттың бір бөлігін су тасқынына қарсы күреске, зардап шеккен халыққа көмектесуге бағыттайтынын жеткізді.

Толығырақ

Қазақстан Қашағанда мұнай өндіретін халықаралық компаниялардан жоғалтқан пайдасы үшін 150 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Bloomberg жазғандай, Қазақстан бұған дейін Қашаған мен Қарашығанақта мұнай өндіретін халықаралық компаниялардан сәтті өтемақы талап еткен. Мәселен, 2020 жылы Shell, Eni және олардың Қарашығанақ мұнай-газ кәсіпорнындағы серіктестері мемлекетпен табыстарды бөлуге қатысты көптен бері келе жатқан дауды реттеу үшін 1,3 миллиард доллар төледі. 2008 жылы Қашаған серіктестері Қазақстанға 5 миллиард доллар төлеуге және кәсіпорынның ірі үлесін мемлекеттік «ҚазМұнайГазға» сатуға келісіп, кііріс пен шығынға байланысты дауды шешті. Бұл мәселе бойынша «Байтақ» жасылдар партиясының жасыл экологияны дамыту департаментінің директоры, эколог Азамат Аяйбергеновтен пкірін білген едік.…

Толығырақ

Қазір білім мен ғылым сан салаға бөлініп, олардың әр қайсысының өз білгірлері мен ғұламалары жіктелген заманда өмір сүріп келеміз. Сәл ертеректе қарапайым халық араларындағы саралы, саналы тұлғаларды өз бетінше атақтап, мадақтап, ғұлама деген сияқты қосымша дәріптеуші, ерекше үстем тұтушы атаулар беріп, бүкіл ауыл, аймақ оны қабыл алатын. Сондай ерекше жандардың бірі Жаркент өңірінде өмір сүрген Жұмағұл имам болатын. Ол ислам дінін жетік білуімен замандастарынан ерекшеленді. Дүниеден баяғыда озса да оны өңір халқы осы күнге дейін әулие, ғұлама еді деп еске алады.  Ілім қуған жас Жұмағұл Көкшебайұлы 1894 жылы Жаркент өңіріндегі Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. 7 жасынан бастап әкесі Көкшебай сол…

Толығырақ

Ғылыми зерттеу тақырыбыма байланысты біраз жыл ілгері Аустрия Республикасының саяси, мәдени және экономикалық астанасы әрі ең ірі қаласы Венада болдым. Содан біраз күн бұрын Түркияның Стамбул қаласындағы «Қазақ мәдени орталығында» болып, пікірлескен едім. Сондағы жігіттердің берген телефон нөмірі бойынша қонақ үйге жайғасқан соң ұзақ жылдардан бері Венада тұратын Хадыс  Залың ағамен хабарластым. Ол кісінің қазақшасында  түрікше  акцент білініп тұрды. Менің жағдайымды түсінген соң: — Ау қазақпын дейсің бе, қазір қайдасың? Менен қандай көмек қажет?-деді жітірмілете. Аузы ашылса көмейі көрінетін ақпейіл жан екендігі аңғарылады. Мен ол кісіге ешқандай көмектің қажеті жоқ екендігін, тек аз-кем уақытын бөліп  сұхбаттасуға келсеңіз болды деген ойымды айттым. — Жарайды,…

Толығырақ

немесе Ибн Батута саяхаты жайлы шындық Араб саяхатшысы Ибн Батутаның XIV ғасырда Алтын Орда империясы аймағына жасаған саяхаты жайындағы шындықты қолда бар қазақша, орысша аудармаларды өзара салыстыра отырып анықтауды ары қарай жалғастырсақ. «Я наслышался о городе Булгаре и захотел отправиться туда, чтобы взглянуть на то, что говорится про чрезвычайную краткость ночи в нем, а также про кратковременность дня в противоположное время года. Между ним и ставкою султана был десяток пути. Я попросил у него проводника туда и он отправил со мною такого, который довез меня туда и привез меня обратно к нему. Прибыл я туда в рамазан и, помолившись на…

Толығырақ

«Астана» университетіне түсу үшін IELTS сертификатын «сатып алған» студенттер оқудан шығарылды. Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексерістердің нәтижесінде базада тіркелмеген 117 сертификаттың бар екені анықталды , — деп хабарлады tengrinews.kz порталы  «Хабар-24»  арнасынасілтеме жасап. Телеарнаның мәліметінше, былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталған. «Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы екі рет тексеріс жүргізді. Басында біз 33 баланы шығардық. Жақында тағы 84 студент оқудан шеттетілді. Енді бұл азаматтар олардың оқуына жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс. Олардың көбі грантта оқыды. Тек 9 адам ғана оқуына өзі төледі», -…

Толығырақ

Ағылшындар Орталық Азияны шындап қолға ала бастағанын Тәжікстанға Ұлыбритания сыртқы істер министрі Давид Кэмеронның сапарлап баруымен байланыстыруға әбден болады. КАМЕРОННЫҢ ОА-ҒА САПАРЫ ТӘЖІКСТАННАН БАСТАЛДЫ Тәжікстанға Дэвид Кэмеронның келуі туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, сапар аясында Кэмеронның президент Эмомали Рахмонмен және ТР СІМ басшысы Сироджиддин Мухриддинмен кездесулері жоспарланған. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік проблемаларды талқылайды деп күтілуде. Кэмеронның айтуынша, осы аптада ол Орталық Азияның барлық 5 елі мен Моңғолияға баруға ниетті. Сапар қарсаңында ол британдық БАҚ-қа берген сұхбатында «Ұлыбританияның өңірдегі елдермен серіктестігін нығайту міндетін өзіне алғанын» мәлімдеді. «Менің сапарым кезінде мен Орталық…

Толығырақ

Аталған рейтингте 145 елдің әскери қуаты көрсетілген. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресей, Украина, Белорусь, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен төмен тұр, ал Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова елдері соңғы сатыда қалды. Finprom.kz сараптамасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секторындағы инвестициялар екі еседен астам өскен. Global Firepower сарапшылары ұсынған дерекке қарағанда, әскери қуат деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 63-орында тұр. Рейтинг сарапшылары 60 түрлі факторды, оның ішінде мемлекеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындар деңгейін, техникалар және жабдықтар арсеналын, армия санын, танктер, корабльдер мен ұшақтар санын, армияның жауынгерлік қабілеттілігіне әсер ететін ресурстарын бағалады. Бұл ретте ядролық қару…

Толығырақ

2023 жылы LRT жобасының құрылысын жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге бөлінген еді. Жыл соңында Көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылы жобаның құрылысын жалғастыру үшін шамамен 45 миллиард теңге қажет екенін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 28,4 млрд теңге қажет. «Бұл қаражатқа рельс, жылжымалы құрам, электрмен жабдықтау, станса сумен жабдықтау, су бұру, өрт қауіпсіздігі, желдету жұмыстары жүргізіледі», деп толықтырды Көлік министрлігі.

Толығырақ