• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Ұлыбритания СІМ-і Кэмерон: Орталық Азия құшағыңды аш, мен келемін!

Ұлыбритания СІМ-і Кэмерон: Орталық Азия құшағыңды аш, мен келемін!

23 апреля, 2024 Саясат

Ағылшындар Орталық Азияны шындап қолға ала бастағанын Тәжікстанға Ұлыбритания сыртқы істер министрі Давид Кэмеронның сапарлап баруымен байланыстыруға әбден болады.

КАМЕРОННЫҢ ОА-ҒА САПАРЫ ТӘЖІКСТАННАН БАСТАЛДЫ

Тәжікстанға Дэвид Кэмеронның келуі туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сапар аясында Кэмеронның президент Эмомали Рахмонмен және ТР СІМ басшысы Сироджиддин Мухриддинмен кездесулері жоспарланған. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік проблемаларды талқылайды деп күтілуде.

Кэмеронның айтуынша, осы аптада ол Орталық Азияның барлық 5 елі мен Моңғолияға баруға ниетті. Сапар қарсаңында ол британдық БАҚ-қа берген сұхбатында «Ұлыбританияның өңірдегі елдермен серіктестігін нығайту міндетін өзіне алғанын» мәлімдеді.

«Менің сапарым кезінде мен Орталық Азиядағы шағын және орта кәсіпорындар үшін өңірдегі әлеуеті жоғары компанияларға инвестиция салатын алғашқы тікелей инвестициялар/венчурлік капитал қорын құратын боламын», — деді британдық СІМ басшысы.

Қазір әлем картасында орын алып жатқан алағай да бұлағай ахуал Орталық Азия елдерін де айналып өтпегені анық. Әсіресе, «Жаңа Ресей империализмі» Украинаға қарсы басқыншылық соғыс бастаған тұстан бастап, ОА-ға талас қыза түсті.

«ОА5+1» ФОРМАТЫ: АҚШ, ҚЫТАЙ, ТҮРКИЯ, ГЕРМАНИЯ, ФРАНЦИЯ, ЖАПОНИЯ ҺӘМ ҰЛЫБРИТАНИЯ

Ресей билігінің 2022 жылдың ақпанында соғыс бастауына әлемнің өркениетті елдері қатал жауап қатып, Ресейді экономикалық және саяси санкциялардың астына алып бағуда. Қарапайымшалап айтсақ, Ресей әсте-әсте оқшаудағы елге айналып, қапшығындағы санкциялардың саны жөнінен Солтүстік Корей мен Ираннан, «президенттіктен жалықтым, енді патша боламын», — деп желпініп отырған Башар Асад басқаруындағы Сүриядан да оқ бойы озық шықты. Бұл ОА-дағы негізгі ойыншы саналып келген Ресейдің позициясын сол ОА аумағында айтарлықтай әлсіретпесе де, Ресейдің «байтал түгілі бас қайғы» деген жағдайда екенін аңғартты.

Ресейдің осы хәлінде Орталық Азияда ықпалын күшейту үшін түрлі экономикалық һәм саяси қадамдар жасап жатқан елдер аз емес. Бұл санатта: Қытай, Түркия, АҚШ, Германия, Франция мен Жапония бар.

Бұл аталған мемлекеттердің әрқайсысы ОА-дағы әріптестікті жаңаша түрлендіру үшін ОА5+1 дейтін форматты қолдануда. Бұл таластан Ұлыбритания да кетәрі емес.

ҰЛЫБРИТАНИЯ: РЕСЕЙ ЖӘНЕ ҚЫТАЙДЫ ОА-ДАН ЫҒЫСТЫРАМЫЗ!

2024 жылы Ұлыбритания саяси басшылығының Орталық Азия елдерімен «С5+1» форматында жоғары деңгейде кездесуі жоспарланған. Біріккен Корольдік парламентінде ұсынылған баяндамада авторлар Британ үкіметіне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерімен өзара іс-қимылды арттыру керектігін айтқан.

Жарияланым сегіз тараудан тұрады. Оның авторлары 5 елдің әрқайсысының — Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Сондай-ақ үкіметке «сауда, адам құқықтары, мәдени алмасу, жалпы өңірлік ынтымақтастық мәселелерінде батыл әрі өршіл болуға» кеңес береді.

Баяндамада авторлар Ресей мен Қытайдың ОА-ға ықпалын азайту үшін «Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары деңгейдегі дәйекті дипломатиялық өзара іс-қимыл» жҮргізу керектігіне тоқталады. Нәтижесінде 2024 жылы британдық басшылықтың ОА билік өкілдерімен жоғары деңгейде кездесуі жоспарланған.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Давид Камеронның осы жолғы сапары осы бастаманың алғашқы қадамдарына жатқызуға болады. Ал бұл сапарлардағы келіссөздердің мазмұны қалай өрбитінін алдағы уақытта егжей-тегжейлі жазатын боламыз. Mezgil.kz ақпараттық порталын назарда ұстай жүріңіз!

Mezgil.kz

Оқылып жатыр

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.