Автор: asylbek

Атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша найзағай, тұман, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады. «Төрт облыс бойынша гидрологиялық дауылды ескертулер сақталуда. 16 — сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша ескерту жарияланды. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту бар, мұнда еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Қостанай облысында 17 — сәуірге дейін облыстың солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Сондай – ақ Жамбыл облысында 16 -…

Толығырақ

Үйлеріне 11 950 адам оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам және 4 066 бірлік техника, оның ішінде 835 су айдау құралдары, 275 жүзу құралдары, 11 әуе кемелері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылды. Сондай-ақ спикер еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет…

Толығырақ

Алайда, өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының, ондағы ылғал қорының жоғары көрсеткішін, ауа температурасын және жауын-шашын болжамын ескерсек, сәуір айының ортасына қарай су тасқынының толқыны күтілуде. Әсіресе таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. «Бүгінде аймақта қар жамылғысының көлемі 48% құрайды. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Аймақтағы 132 гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген», — деді ШҚО әкімдігінің ресми өкілі Елжан Кайрканов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Толығырақ

СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, облыстағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шыңынан 2 метр 83 см асты. Тәулік ішінде 20 см төмендеді. «Есіл өзенінде су деңгейі жоғарылауда, бірақ Петропавл қаласында, төменгі ағысында. Жоғарыда — біртіндеп төмендеп келеді», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте. Қазіргі сәтте облыста 1713 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан. Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1050 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Өңір өкілінің айтуынша, екі тәулік ішінде Ойқала шағын ауданында құтқарушылар 100-ден астам ит пен 40-қа жуық…

Толығырақ

Мына қол таза болсын!-деп екі қолын жайып жиналысқа отырғандарға қарап сабырлы сөйледі. -Дұрыс айтасыз Далбай Қалбаевич,-деп ілім әкетті замы… Далбай Қалбаевич тумысынан таза, әділ адам… Сондықтан да, осы жерде отырған үлкені бар, кішісі бар, ірісі бар, тірісі бар барлығымыз осы кісіден яғни шефтан үлгі алуымыз керек. Ия… Далбаев Қал-бай-евич…Да!? Қабағын түйіп сыздаған мекеме басшысы су ішкісі келді ме, тамағына тас тұрғындай жөткірініп еді. Зам орнынан лып етіп тұрды. Әдемі ыдысқа су құйды. Міне кейі-ңіз..! -Өсетін бала-деді кеңесші. -Жағымпаз,-деді БасБух. -Сұм,-деді ішінен осы мекеменің кіші қызметкері. -Сонымен әріптестер!.. Біздің жұмысымыздың барлығын халық көреді. Игіліктің ерте-кеші жоқ. Сіз боп, Біз боп…

Толығырақ

Жексенбіге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады. Мамандардың бағалауынша, бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұған дейін Израильге Сирия мен Ливан, Йемендегі ираншыл топтар соққы жасап келген. Израильдің 12 арнасының хабарлауынша, Иран ондаған дрон ұшырған. Израильдің жоғары лауазымды өкіліне сүйенген журналист Барак Равид «жүздеген дрон» жіберілгенін жазды. Дрондардан кейін ракетамен шабуыл жасалған. Израильдің жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген Ynet порталы Израиль Иран жіберген дрондар мен ракеталардың 99% атып түсіргенін хабарлады. Иран жіберген ондаған дронды Израиль шекарасына жақын маңда АҚШ бастаған аймақтық коалиция күштері жойған. Дрондарды атып түсіруге Ұлыбританияның әуе күштері де қатысты деп хабарлады Sky News.

Толығырақ

«Құмарлық — нәпсі құлы» деп бір ақ сөзбен адам баласының қанша жерден даңдайсынып әрі өр-көкірегін  танытып және мақтаныш сезімін білдіріп жатқандығын һәм тек өзіне ғана зиян келтіріп осынау дүниеде тал бесіктен жер бесікке шейін шынайы жауы болуымен қатар әлсіз әрі тойымсыз жерін айтып кеткен еді дана Абай. Қазіргі уақытта әрқайсымыздан  өміріндегі қарсыласын һәм жақтырмайтын жан бар ма десе, ойымызға әлбетте жүрегімізге сызат түсіріп, көңілімізді түсірген және де жолымызды бөгеп тосқауыл қойған пенделерді тізбектеуге әзірміз бірақ шын мәнісінде ата жауымыз атанған  жарқын да бақытты болашағымызды бір-ақ сәтте жойып жібере алатын тек қара топыраққа ғана тоя алатын нәпсі жайлы сөз қозғақмақпын.…

Толығырақ

Бізде қазір заң қатал. Қатал заң керек те шығар!? Әйелге ұрсуға болмайды, ұрсаңыз біттіңіз кеттіңіз «абақты» айдау, әйтеуір баяғыдай Ібір- Сібір жоқ. Әйтпесе талай қазақтың жігіті Сібірге кетіп, Ресей мен Украинаның арасындағы соғыста жалаң аяқ жар кешер еді. Молдалар айтып жатыр «әйелді ұруға емес-нұқуға болады» деп. Ал заң айтады. Әйелге әй деуге! Қой деуге! Өй деуге болмайды!-деп. Бұл Бізге және Сізге арналған заң. Әйтпесе, кезінде бір үйдің, бір ауылдың, бір ауданның, бір облыстың емес республиканың қазынасын ұстағандар әйелдерін көкала қойдай қып жатырынан теуіп, басын жарып өлтіріп жатыр. Оларды заңгерлер қорғап әлек. Бұл заң кімге!? Байғұс қаратабан Біз бен Сіз…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді. Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

Толығырақ

Президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің әйелінің әкесі Төлепқали Қабылов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылдың наурыз айында Ұлыбританияда Құдайбергеновтің әйелі полицияға күйеуі балаларын ұрлап кеткені туралы арыз берген. Келесі күні Олжас Құдайбергенов Лондон әуежайында ұсталып, абақтыға қамалған. Бірнеше күннен кейін қайын атасы оған хабарласып, қызының Ұлыбританияда немерелерімен екі жыл тұруы үшін қажет 30 мың фунт стерлинг талап еткен. Ақшаны беруге келіспеген жағдайда БАҚ беттерінде әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасап, бала ұрлағаны туралы ақпарат тарататынын айтып қорқытқан. Экономист ақшаны үшке бөліп төлеуге келіскен. Алғашқы 5000 фунтты қайын атасына досы апарған. Келесі күні экономисттің әйелі арызын қайтарып алған. Құдайбергенов Қазақстанға келіп, екінші…

Толығырақ