2023 жылы үшінші елдермен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері арқылы 1 млн астам автомобиль өтті
2024 жылы тек қаңтар-ақпан айларында автомобиль өткізу пункттері арқылы
162 мыңнан астам автокөлік құралы өтті.
«Өткізу қабілеттілігі 61% артты. 2023 жылғы 24 қарашадан бастап «Нұр Жолы» ҚХР шекарасындағы ең ірі автомобиль өткізу пункті пилоттық режимде тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. ҚХР шекара маңындағы қалған кеден бекеттері он екі сағаттық режимге ауыстырылды», — деді ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.