Қостанайда бұрынғы сот орындаушысы борышкерлердің 6 млн теңгесін иемденіп кеткен
Қостанай облысының прокуратурасы тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасын анықтады.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.