Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар – Қасым-Жомарт Тоқаев
«Ең алдымен, мен баршаңызға Амал күні құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шыққан туған-туыс, ағайын бір-бірімен қауышып жатыр. Ел арасында Амал күні еліміздің батыс аймағына тән мереке деген түсінік бар. Бірақ бұл қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз тұтас ел болып, Наурыз мейрамын осы күннен, яғни Амал күнінен бастап тойлағанымыз жарасымды болары сөзсіз», — деді Президент.