Президент «Айбын» орденін даңқты батырлардың атымен атауды ұсынды
«Әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған «Айбын» орденінің түрлі дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атаған жөн деп санаймын. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сол арқылы қаһармандарымыздың ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртамыз», — деді ҚР Президенті.