Қызылордада бассейнге батып кете жаздаған жасөспірім құтқарылды
Оны құтқарған – облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Тереңдігі 3 метр жерде тұншығып, суға бата бастаған жасөспірімді ешкім байқамаған.
Соңғы сәтте 17 жастағы жасөспірімді сол маңда отбасымен бірге демалып жүрген 8 баланың әкесі Есенкелдиев байқап қалып, құтқарған.