• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Ұлттық қор – балаларға»: Биыл 18-ге толатындар шотындағы 100 долларды қайда жұмсай алады

«Ұлттық қор – балаларға»: Биыл 18-ге толатындар шотындағы 100 долларды қайда жұмсай алады

19 марта, 2024 Қоғам

KAZINFORM – 19 наурыз – Наурызнаманың Жаңару күні. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын жаңару символдарының бірі десек, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы елдегі байлықты әділетті үлестірудің бір тетігі ретінде қолға алынған. Бүгінгі материал осы жобаның қай сатыда іске асып жатқанына арналады.

2019 жылдың 19 наурызы тәуелсіз Қазақстан тарихында Президент ауысқан дата ретінде қалды. Қазір ресми мінберлер мен БАҚ-та жиі аталатын «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан, «Еститін мемлекет» сияқты бастамаларға сол 2019 жылдың 19 наурызында жол ашылған еді.

Тұрмыстың барлық деңгейінде әділет орнатудың маңызды екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезден бері үнемі айтып келеді. Әділетпен байланысты уәделерді орындаудың тетігі ретінде түрлі бағдарламалар, жобалар қолға алынды. Соның бірі 2022 жылғы Жолдауда айтылған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы.

Бұл бастаманың аясында заңнамаға Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелерін реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мұнайлы араб елдерінің «қара алтын» экспортынан түскен табыстың бір бөлігін ұрпақ қамына бағыттайтынына қызыға қарап келген қазақстандықтар «Ұлтты қор – балаларға» жобасына үлкен үмітпен қарағаны белгілі.

О баста бала шотына ақша аудару Ұлттық қордағы ақшаны ортайтып кетпеу үшін инвестициялық табыстан ғана аударым жасау қажеттігі ашып айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік сипаты басым жоба халықты масылдыққа итермелейтіндей сипатқа ие болмауына баса көңіл бөлінді. Осы мақсатпен Ұлттық қор ақшасын баспана және білім алу шығындарына ғана жұмсауға болатыны айқындалды.

Осының бәрі заң жүзінде нақтыланғаннан кейін, 2024 жылдың басында жоба іске қосылып, ақпан айында бала шоттарына алғашқы үлестері түсе бастады.

Қаржы министрлігінің соңғы дерегі бойынша, «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысатын қазақстандықтардың қазіргі саны 6 млн 919 мың 131 адамға жеткен. Бұл 18-ге толмаған және биылғы 1 қаңтардан бастап 18-ге толғандардың саны деген сөз. 2024 жылдың аяғына дейін 18-ге толып үлгеретін 304 815 адам бар. Бұлар жобаға бір жыл ғана қатысқандықтан, шотына тек бір жылдың үлесі ғана түседі. Оның биылғы мөлшері – 100,52 доллар.

Бұл 100,52 доллар деген сома қайдан шықты ?

«Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысатын 6,9 млн қазақстандықтың шотына жыл сайын қанша ақша аударылатынын анықтау үшін Ұлттық қордың кейінгі 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі есептеледі. Ол үшін 18 жылдың ішінде түскен инвестициялық табыстың жиынтық сомасы 18-ге бөлінеді. Жоба аясында жасалған заң бойынша, балалар шотына жыл сайын жылдық орташа инвестициялық табыстың 50 пайызы теңдей бөліну керек.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, кейінгі 18 жылдағы инвестициялық кірістіліктің орташа мөлшері 1,39 млрд доллар болған. Жоғарыда айтқанымыздай, заң бойынша осы соманың тең жартысы балалар шотына теңдей бөліну керек. Яғни, 695 млн 519 мың 269 долларды 6 млн 919 мың 131 адамға бөлу керек: 695 519 269 ÷ 6 919 131 = 100,52.

2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны арасында 18-ге толатын 304 815 қазақстандық жобаға қатысуын биыл аяқтайтынын, яғни, 1 жылдың ғана инвестициялық табысынан үлес ретінде 100,52 доллар ғана алатынын айттық.

Қаржы министрлігі олардың әрқайсысына қазірдің өзінде 100,52 доллардан аударылғанын мәлімдеп отыр. Яғни, 304 815 шотта жалпы жиыны 30 млн 640 мың 3 доллар, 80 цент жатыр.

12 наурыздағы мәлімет бойынша, 304 мың 815 адамның 775-і өз шотындағы ақшаны жұмсауға өтініш жазып үлгерген. Оның ішінде 487 адам шотындағы 100,52 долларды білім алу шығындарына, 288 адам баспана шығынына жұмсайтынын айтқан.

Бұл жердегі баспана шығындарына мыналар жатады:

— Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншігіне сатып алу (түпкілікті есеп айырысу);

— Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде);

— Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешегін ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде);

— Тұрғын үй құрылыс жинағы арқылы ипотека алу (құрылысты қоспағанда);

— Төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара төлеу;

— Жеке тұрғын үй салуға немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскесін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу);

— Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйді (пәтерді) сатып алу немесе көп пәтерлі тұрғын үйдің үлесін беру туралы акті жасаған кезде (түпкілікті есеп айырысу);

— Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағына салым салу.

Ал білім алу шығындарына мыналар жатады:

— Қазақстан аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу;

— Шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу:

— Білім беру жинақтау салымын толықтыру;

— Білім беруге қаржы жинақтау шартының сақтандыру жарнасы түрінде енгізу;

— Білім беру кредитін ішінара немесе толық өтеу.

Оқылып жатыр

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.