Қазақстанда кейінгі 10 жылда 582 ауыл жойылған
Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті. Оның сөзінше, елімізде 6,2 мың ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Бұл – жалпы халық санының 38,4%-ы.
«ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес, жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде кейінгі 10 жылда ауылдық елді мекендер саны 6838-ден 6256-ға дейін қысқарды. Яғни 582 бірлікке қысқарды», — дейді министр.
Ол негізінен ауыл санының қысқаруы халық саны 50 адамнан кем ауылдарды жақын маңдағы ауылдардың құрамына енгізу арқылы жасалғанын айтты.