Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімін ұсынды.
Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің ішінде Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы ауылдар бар:
Қарғалы ауылы (Алматы облысы);
Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы);
Боралдай ауылы (Алматы облысы);
Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы);
Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы);
Қордай ауылы (Жамбыл облысы);
Жаңақорған кенті (Қызылорда облысы);
Шиелі кенті (Қызылорда облысы);
Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы);
Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы);
Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы);
Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы);
Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы);
Рахат ауылы (Маңғыстау облысы);
Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы);
Манкент ауылы (Түркістан облысы);
Ақсукент ауылы (Түркістан облысы);
Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы).
Бұған дейін Үкімет басшысы халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарауды тапсырған болатын.