• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Жерден мүрденің қолы көрінген»: ауылда әйелді көміп тастаған күдікті бұрын екі кісіні өлтіргені анықталды

«Жерден мүрденің қолы көрінген»: ауылда әйелді көміп тастаған күдікті бұрын екі кісіні өлтіргені анықталды

25 апреля, 2025 Жаңалықтар

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғындары көшеге шығудан қорқып отыр. 8 ақпанда ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан жалаңаш әйелдің мәйіті табылған. Кейін оның сол ауылдың тұрғыны, 38 жастағы Әйгерім Әжікеева екені анықталды. Кісі өлтіру ісіне көршісі күдікті ретінде танылып, қамауға алынған. Алайда Әйгерімнің туыстары қылмысқа бір ғана адам емес, бірнеше адам қатысқан деп санайды. Orda.kz Алғабас ауылына барып, ауыл тұрғындарымен сөйлесіп қайтты, деп хабарлайды baimedia.kz.

Туыстарының айтуынша, Әйгерім 20 қаңтар күні үйінен шығып, дүкеніне тауар алуға кеткен. Содан бері хабарсыз жоғалған. Алғаш болып дабыл қаққан анасы Мейрамгүл Бердалиева болыпты.

 

«Екі сағат өтті, Әйгерім әлі үйге қайтпады. Жүрегім бір жамандықты сезгендей, бірден іздей бастадым. Кейін басқа балалар да қосылып, ауруханаларды, зираттарды аралап шықты… Әйгерім ешқашан ескертусіз кетпеген. Сол кезде-ақ көршісінен күмәндана бастадық. Ол бұрын екі рет адам өлтіргені үшін сотталған. Бірден полиция шақырып, үйіне бардық. Бірақ ол ештеңе білмегендей, өзін ақтап шыға келді. Ал ертесіне ғайып болды», — деді марқұмның анасы.

Екі аптадан кейін күдіктінің туысы полицияға хабар беріп, үйлерінің ауласындағы жерден мүрденің қолы шығып тұрғанын айтқан.

Оқиға орнына келген тергеушілер ат байлайтын жерде шөппен жабылған шұңқырды тапқан. Сол жерден Әйгерімнің денесі табылған. Жалаңаш, аяусыз азапталғаны анық байқалған.

«Тісін тісіне басып, қатты қысып алған, түрін тану мүмкін емес. Бәрі ісіп кеткен. Құлағынан қан ағып тұрды, қолдары тілінген, арқасы көкала. Қызымды жай ғана өлтірмеген. Азаптап, зорлаған. Үстінде бір  киім болмады. Сол күні, денесін тапқан кезде, жоғалып кеткен көрші ауылға қайта келді. Өзі келіп, кінәсін мойындады»,  — деді марқұмның анасы.

Туыстарының айтуынша, күдікті бұл қылмысты жалғыз өзі жасамаған. Куәгерлер Әйгерімді соңғы рет ауыл дүкенінің маңында үрейлі күйде көрген. Сол кезде жанында күдікті мен тағы бірнеше ер адам жүрген. Отбасы дүкенге орнатылған бейнебақылау камераларының жазбасына әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр.

«Тергеуге қатысты көп сұрағымыз бар. Камера жазбасын бізге көрсеткен жоқ. Әйгерім сол үйге өзі барғандай. Ал күдікті оны жай тұншықтырып өлтірдім деп отыр. Бірақ біз оның денесін өз көзімізбен көрдік — денесі көгеріп-соғылған, қолдары тілінген, басы мен мойны ісіп кеткен. Мұны бір ғана адам істей алмайды ғой?»,  — деді марқұмның әпкесі Ұлтуар Әжікеева.

Әйгерімде жоғалған күні 420 мың теңге болған. Бірақ денесі табылғанда не ақшасы, не киімі болмаған. Тергеу барысында күдіктінің он жыл бойы Әйгерімнен ақша бопсалап келегені, кейде қыз несие алып, соны төлеп отырғаны белгілі болды.

«Қызымның табысы тұрақты еді. Үй жанындағы дүкенді жүргізіп, көкпарға арналған тауарлар сатқан. Еңбекқор, өз ісіне жауапты болатын. Бар тапқанын неге сол адамға беріп жүргенін әлі күнге түсіне алмаймыз. Тергеудің барысына көңіліміз толмайды»,  — деді анасы

Туыстары күдіктінің тағы да жазадан құтылып кетуінен қорқады. Бұл — оның алғашқы ауыр қылмысы емес. Отбасының айтуынша, ер адам бұған дейін екі кісі өлтіргені үшін сотталған, бірақ екі жағдайда да мерзімінен бұрын босап шыққан.

«Бір кездері қорғансыз жетімді өлтіріп, бар болғаны жеті жыл отырды. Кейін тойда тағы бір ер адамды өлтірді. Сол үшін үш жыл ғана алды. Одан бүкіл ауыл қорқады. Қазір ол Әйгерім қарызын қайтаруды талап еткені үшін өлтіргенін айтып отыр», — деді марқұмның апасы.

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберілетінін хабарлады.

«Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс жақын күндері сотқа жолданады»,  — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Әйгерім Әжікеева — тұрмыс құрмаған әйел болған. Оның ата-анасы — ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар жандар. Олар тек қызынан ғана емес, отбасының жалғыз асыраушысынан айырылып отыр.

Фото: Orda.kz

адам өлімі ауыл әйел

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.