• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Таксистерге тықыр таянды

Таксистерге тықыр таянды

24 мая, 2025 Басты тақырып

Мәжілісте көптің көкейіндегі мәселе қозғалды. Депутат Мархабат Жайымбетов такси нарығындағы шетелдік агрегаторлардың үстемдігін сөз етті. Оның айтуынша, бұл – тек баға саясатына емес, елдің цифрлық қауіпсіздігіне де тікелей әсер ететін жайт.

– Шетелдік платформалар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, нарықты жаулап алды. Ал отандық цифрлық сервистерге қолдау аз. Ресурстары жеткіліксіз. Бәсеке жоқ жерде сапа да, баға да реттелмейді. Қазір халық мереке күндері, ауа райы құбылғанда тарифтің шарықтап кететінін жиі айтып жүр, – деді депутат.

Баға қашан тұрақталады?

Сала маманы, автосарапшы Алексей Алексеев бұл мәселеге нақты түсінік берді. Оның айтуынша, такси қызметіндегі комиссия екі бөлек алынады: бірі агрегатордан, екіншісі автопарктен жүргізушіге жүктеледі. Нәтижесінде жолаушы төлеген соманың 15-18 пайызына дейінгі бөлігі делдалдарға кетеді.

– Егер комиссия мөлшері 10 пайыз шегінде болса, бұл жүргізушіге де, тұтынушыға да тиімді болар еді. Қазір ең үлкен салмақ жүргізушінің иығында. Олар көлікке қызмет көрсетіп, бензинге ақша шығындап отыр. Комиссия азайса, тариф те тұрақтанар еді, – дейді сарапшы.

Отандық бәсекелес керек

Такси саласындағы ең өзекті мәселе – ішкі нарықта шынайы бәсекенің жоқтығы. Бұл жайлы Алексеев те, депутаттар да бір ауыздан айтып отыр. Ірі шетелдік платформалар бағаны қалағанынша қоя алады. Ал балама болар отандық қосымшалар жоқтың қасы.

– Егер нарықта бірнеше ірі ойыншы пайда болса, бұл жолаушылар үшін тиімді. Қызмет сапасы мен тарифтер де сол кезде тұрақталар еді. Қазір қалада жаңбыр жауса, такси табу қиындайды, баға күрт өседі. Себебі көлік жетіспейді, сұраныс артады, – дейді Алексеев.

Халық не дейді?

Астана қаласының тұрғыны Қымбат Оралбаева такси құнының құбылмалылығынан әбден қажығанын айтады.

– Тариф 1200-2000 теңгенің айналасында. Бірақ ауа райы бұзылса, одан да асып кетеді. Күн ыстық болса да, жаңбыр жауса да баға өседі. Жұмысқа бару үшін он күн бойы таксиге мінсең, 15 мың теңгеге дейін ақша кетеді. Бұл қалтаға үлкен салмақ, – дейді ол.

Мемлекет араласа ма?

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, такси бағасын нарық реттейді. Бұл сала мемлекет тарапынан бақылауға алынбайды. Алайда депутаттар нарықтың ашықтығына сенбейді. Олар агрегаторлардың комиссия мөлшерін 3-5 пайызға дейін шектеуді ұсынуда.

Қазірше бұл бағытта нақты өзгеріс байқалмайды. Дегенмен Мәжілісте көтерілген мәселе қоғамдық резонанс туғызды. Отандық IT саласын дамыту – такси нарығындағы тәуелділіктен арылудың бірден-бір жолы екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.

такси

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.