• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бұл мен үшін ерекше мәртебе – Досаев

Бұл мен үшін ерекше мәртебе – Досаев

24 мая, 2025 Жаңалықтар

Алматы қаласының экс-әкімі Ерболат Досаев мегаполисті басқару өзі үшін үлкен жауапкершілік болғанын айтты.

— Ең алдымен, туған қалама еліміздің ең қиын кезеңдерінің бірінде қызмет етуге сенім мен мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін ерекше мәртебе және үлкен жауапкершілік болды. Алғашқы жұмыс күннен бастап осы жоғары сенімді ақтау үшін барлық білімім мен тәжірибемді салып, Алматыны тұрақты даму жолына шығаруға тырыстым. Өткен үш жылдан астам уақыт мен үшін күрделі сынақтар мен маңызды жетістіктерге толы кезең болды. Қаланың дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты өзгерістер уақытына айналды, — деген қаланың бұрынғы басшысы.

Оның дерегінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен және тікелей қолдауымен Алматының болашақ дамуын айқындайтын 20-дан астам стратегиялық құжат қабылданды. Атап айтқанда, Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы, Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары, қаланың көлік каркасының Мастер-планы және т.б. маңызды құжаттар.

Соңғы 3 жылда қаланың бүкіл инженерлік инфраструктурасын ауқымды модернизациялау басталды. 540 км су құбыры және кәріз жүйелері жаңартылды, 75 км жаңа жол салынып, 650 км жол жөнделді.

— Президентіміздің туған қаласын дамыту мен жаңғыртуға көрсеткен тікелей қолдауының, алматылықтардың тұрақты назары мен белсенді қолдауының арқасында біз Алматының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін берік негіз қаладық. Өткен үш жылда Алматы экономикасы 20%-дан астамға өсіп, 29 трлн теңгеден асты. Ал Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,2 еседен астам өсіп, 2,5 трлн теңгеге жетті.

Біздің басты міндетіміз – алматылықтардың өмір сапасын жақсарту. Бұл ең алдымен әлеуметтік инфраструктураны ауқымды дамыту, мектептер мен балабақшалар салу арқылы жүзеге асырылды. Бұл мәселе Президентіміздің тұрақты бақылауында. Соңғы үш жылдан астам уақытта қаламызда 57 оқу орны салынып, жаңартылды (жалпы саны 2022 жылы 416 білім беру ұйымынан 434-ке жеткізілді). Сонымен қатар, 12 денсаулық сақтау нысаны салынды және жаңғыртылды.

Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты Алматы экономикасын әртараптандыру болды. Үш жылдан астам уақыт ішінде 5 трлн теңгеден астам қаражат тартылды, қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі алғаш рет 60%-дан асты, ал Алматыдан ЕАЭО елдеріне дайын өнім экспорты 3 есеге өсіп, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 млрд АҚШ долларынан асты, — дейді Е.Досаев.

Ол бұл нәтижелерге Мемлекет басшысының, алматылықтардың тұрақты қолдауының және қаланың нағыз кәсіби мамандары мен патриоттарынан құралған команданың жұмысының арқасында ғана қол жеткізілгенін атап өтеді.

— Бүгін, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қиын-қыстау сәттерде белсенді атсалысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздердің баршаңызға шын жүректен рақметімді айтқым келеді. Мен өмір сүру сапасы жоғары және жайлы қалалық ортасы бар ең заманауи әрі дамыған мегаполис ретінде Алматының болашағына шын жүректен сенемін, — деген бұрынғы әкім.

Досаев

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.