• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Астанада «Күй» спектаклінің тұсаукесері өтті

Астанада «Күй» спектаклінің тұсаукесері өтті

15 июня, 2025 Мәдениет

Астана төрінде Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермендерге ерекше қойылым – «Күй» спектаклінің премьерасын ұсынды. Спектакльдің негізіне Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың терең мазмұнды «Күй» повесі арқау болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, классикалық прозаның сахналық шешімі өзгеше көркемдік тәсілмен жүзеге асқан. Театр труппасы автордың философиялық әрі психологиялық иірімдерге толы шығармасын жаңа интерпретациямен сахна төріне шығарды. Қойылым барысында көрермендер қазақтың төл өнерімен де сусындады – спектакль халық аспаптар ансамблінің тірі музыкалық сүймелдеуімен өтті. Бұл көркемдік шешім қойылымға ерекше әр беріп, ұлттық реңкті күшейте түсті.

Спектакльдің өзегінде – басты кейіпкер Жөнейіттің ішкі арпалысы, тағдырмен тайталасқан жан күйзелісі, билік пен ар-ождан арасындағы қақтығыс жатыр. Адам жанындағы күйік пен кектің, ар мен намыстың күресі актерлік шеберліктің биік үлгісімен беріліп, көрерменнің жүрегіне жол тартты.

Театр сахнасындағы бұл қойылым тек өнер туындысы ғана емес, ұлттық рухты ұлықтаған, ұлы жазушының қаламынан туған терең философиялық ойды сахналық тілмен жеткізген ерекше мәдени оқиғаға айналды. Залдағылар қазақ драматургиясының, прозасы мен музыкасының тұтастығын сезініп, ерекше рухани әсерге бөленді.

 

астана Күй Театр

Оқылып жатыр

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қартаю индексі бойынша Солтүстік Қазақстан көш бастап тұр

Денсаулық 10 апреля, 2026

Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Қазақстанда халықтың қартаю индексі өсіп келеді. 2025 жылы еліміз бойынша…

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент

10 апреля, 2026

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионы атанды

10 апреля, 2026

Ақтауда далалық жерден снаряд табылды

10 апреля, 2026

Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді

10 апреля, 2026

Путин мен Зеленский Пасха мерекесіне орай уақытша бітім жариялады

10 апреля, 2026

Ақтөбеде заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

10 апреля, 2026

Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жақын арада қайта жанданады

10 апреля, 2026

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді

10 апреля, 2026

Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде ширек финалға шықты

10 апреля, 2026

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

9 апреля, 2026

Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

9 апреля, 2026

Қазақстанда халықаралық AI-фильмдер фестивалі өтеді

9 апреля, 2026

Наурыздағы ҰБТ нәтижесі жарияланды: 70% шекті балдан өтті

9 апреля, 2026

Полиция азаматтарды тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады

9 апреля, 2026

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды

9 апреля, 2026

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

9 апреля, 2026

Елорда көшелерінің бірі екі аптаға жабылады

9 апреля, 2026

Трамп НАТО Бас хатшысы Рюттемен кездесті

9 апреля, 2026

Алматы облысында жер сілкінді

9 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.