Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
Екінші деңгейлі қазақстандық банктер су тасқыны салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдау мақсатында тасқыннан зардап шеккендердің қарызын кешіреді, — делінген хабарламада.
Су тасқыны салдарынан кредит төлеуді кешіктіргендерге айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.