Ертең, 13 шілде Жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік білім беру грантына өтініш беру конкурсы басталады. деп хабарлайды BM.KZ
Құжаттарды қабылдау онлайн форматта eGov.kz порталында жүргізіледі. Сонымен қатар, өтінішті ЖОО-ның қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға болады. Өтінішті 13 шілде 09:00-ден бастап 20 шілде 18:00-ге дейін қалдыруға мүмкіндік бар. Ол үшін келесі құжаттар тізбесін енгізесіз:
- Өтініш.
- Білім туралы электрондық құжат (аттестат немесе диплом).
- 3х4 өлшемді цифрлы фото.
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы (мамандыққа байлпнысты).
- Көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжат (екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының да қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын, мүгедектік туралы анықтамаларды және т.б. растайтын құжаттар).
Мамандар мәліметінше, нәтиже 10 тамызда жарияланады.
Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 77 084 грант бөлінген.
(Фото: eGov.kz сайтынан скрин)
