Ақтөбе облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті мен Шекара қызметі заңсыз тауар айналымының жолын кесті.
Ресейден келе жатқан екі жүк көлігі «Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде ұсталды. Тексеру барысында ірі көлемде тыйым салынған өнімдер тәркіленді. атап айтқанда жүктен 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп), 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық, 14 мың дана шылымсыз темекі өнімі табылған.
Аталған дерек бойынша екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімімен олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 26 млн теңге болатын өнімдер мен көлік құралдары мемлекет пайдасына алынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
