• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Түркістан облысында 4 млрд теңге жымқырған білім бөлімінің 46 қызметкеріне үкім шықты

Түркістан облысында 4 млрд теңге жымқырған білім бөлімінің 46 қызметкеріне үкім шықты

21 июля, 2025 Басты тақырып

Түркістан облысы Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкері 4 млрд теңге қазына қаржысын талан-таражға салғаны үшін сотталды. Іс облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта алқабилердің қатысуымен қаралған.

Сот материалдарына сүйенсек, білім бөлімі басшылары мен мектеп бухгалтерлері 2021–2023 жылдар аралығында жалған қызметкерлерге жалақы аудару арқылы мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Ақша мектептерде іс жүзінде жұмыс істемеген туыстары мен таныстарының есепшотына аударылып отырған.

Кімдерге қандай айып тағылды?

Тергеу мәліметінше:

Бөлім басшыларының бірі М. аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену (ҚК 189-бап) бабы бойынша,

Ал тағы 1 басшы Ш. – аталған баппен қатар, аса ірі көлемде пара беруге айдап салу (ҚК 367-бап) бойынша да айыпталған.

Сонымен қатар, бөлімнің бас бухгалтері Ш.-ға 189-баппен қатар ақшаны заңдастыру бабы да қосылған.

Қалған 43 мектеп бухгалтеріне — аса ірі көлемде сеніп

тапсырылған мүлікті иемдену бабы бойынша айып тағылған.

Сот үкімі қандай болды?

«Негізгі сотталушы Ш. мен М.-ға тиісінше 9-жыл және 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес, Ш.-ның  кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты, жазаның өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. 34 сотталушыға ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен жалпы 5 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», — дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот кінәлі деп танылғандардың көпшілігінің отбасылық және әлеуметтік жағдайын (жүктілік, жас балаларының болуы, алғаш рет сотталуы) жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Алайда негізгі айыпталушылар — бөлім басшылары М. мен Ш.-ның қызметтік антына опасыздық жасағаны ауырлататын жағдай деп танылды.

Нәтижесінде:

Бөлім басшылары М. мен Ш. тиісінше 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ш.-ның жазасы кәмелетке толмаған балаларына байланысты 5 жылға кейінге қалдырылды.

34 адам 5 жылдан 8 жылға дейін түрме жазасына кесілді. Оның ішінде:

4 адамға жаза кейінге шегерілді,

18 адамға шартты жаза берілді,

12-сі нақты бас бостандығынан айырылды.

8 адам 1 жылдан 3 жылға дейін бостандығын шектеу жазасын алды.

2 адамның іс-әрекеті қайта сараланып, олар 1 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Айта кетейік, 43 бухгалтер мемлекетке 800 млн теңгеден астам қаражатты қайтарған. Ал қалған шығынды өтеу мәселесі азаматтық сот тәртібімен шешілмек.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

4 млрд теңге білім бөлімі басшысы есепші мемлекет қаржысы сот сотталды

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025356 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.