Әлемдік шахмат қауымдастығы еліміздің тағы бір шахматшысын гроссмейстер деп таныды.
«Батуми, Грузияда FIDE кеңесінің отырысында әлемдік шахмат қауымдастығы үшін маңызды шешімдер қабылданды. Олардың бірі — 10 шахматшыға халықаралық гроссмейстер (GM) атағының ресми түрде берілуі» , — деп жазған FIDE әлеуметтік желідегі парақшасында.
21 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық гроссмейстер атағына ие болды. Ол — бұл дәрежеге қол жеткізген еліміздегі екінші, ал әлем бойынша 43-ші әйел шахматшы.
Айта кетейік, әлемдік шахмат қауымдастығы ұсынған 10 адамның тізімінде отандасымыз Эдгар Мамедов бар.
