• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды

Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды

25 июля, 2025 Басты тақырып
На фото – Перизат Кайрат и ее мать Гайни Алашбаева. Источник: instagram.com/01pk
Астана. 25 шілде. BM.KZ – Бүгін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот үкімі жарияланды. Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 
«Перизат Қайратты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тану және оған 7 жыл мерзімге мүлкін тәркілей отырып бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, бірнеше қылмыстық құқықбұзушылық бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен Қайратқа түпкілікті жаза ретінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, сонымен қатар 10 жыл бойы қайырымдылық көмек жинауға байланысты қайырымдылық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеледі. Қылмыстық кодекстің 49-бабы 2-бөлігіне сәйкес, Қайратты Қазақстан Республикасының «Шапағат» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс Қазақстан Президентіне жолдансын», — деп үкім етті судья Сабыржан Каримов.
Оның анасы Ғайни Алашбаеваның жеңіл жолмен иемденген қаржыға сатып алған мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешіміне сәйкес, тәркіленген мүлікті сату арқылы түскен қаражат жәбірленушілерге беріледі.
Бұған дейін жарыссөз кезеңінде жәбірленушілердің көбі сөз алып, өз пікірін білдірген еді. Барлығы дерлік судьядан екі айыпталушыға да ең қатаң жаза тағайындауды сұраған. Олардың айтуынша, халық арасында «белдемше киген Остап Бендер» аталып кеткен Перизат пен оның анасы қоғамдық институттарға деген сенімді селкеу салған.
«Кейбір жәбірленушілер олардың жасы мен денсаулығына байланысты жеңілдік жасау керек деген пікір айтты. Бірақ менің ойымша, мұндай әрекеттерді түбегейлі тоқтату керек. Ешқандай жасына немесе ауруына қарамай, жазаны өзгеріссіз қалдыру керек», — деді жәбірленуші Руслан Томашев.
Айта кетейік, 24 шілдедегі сот отырысы тағы да жабық режимде өтті. Сонымен қатар, айыпталушылар соңғы сөздерін жария етпеуді жөн көрді.
Кеше сот процесіне қатысты пікір білдірген Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Қошербаев қайырымдылық қорларын реттеп, бақылауға алу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада үкімет осыған қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстарын бастайды.
Еске сала кетейік, Перизат Қайрат – Қазақстандағы қоғам белсендісі әрі кәсіпкер. Ол ел арасында 2021 жылы маусымда құрылған қайырымдылық қорының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде танымал.
2024 жылдың қараша айында Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңгеден астам сомадағы қаражатты жымқырды деген айыппен қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, бұл қаржы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған. Алайда оның бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер мен шетелдік сапарлар сияқты жеке қажеттіліктерге жұмсалған.
Сондай-ақ, Перизат Қайраттың қор қаржысын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дос-жарандары мен туыстарын араластырғаны, оларға көрсеткен «қызметтері» үшін сыйақы төлегені бегілі болды.
Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың заңсыз әрекеттерінің тағы бір эпизодын анықтағанын мәлімдеді. Ол бұл жолы Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
2025 жылдың наурыз айында Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Перизат Қайрат басқаратын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы Әділет департаментінің талап-арызын қарап, шешім шығарды.
10 жыл қайырымдылық Перизат Қайрат сотталды үкім

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.